21 сәуір 2026 жыл. Шымкент. Пасхадан кейінгі 2-аптаның сейсенбісінде Шымкент және Түркістан епископы Хрисанф Лисья балкадағы Шымкент жаңа азап шегушілері мен сенімін мойындаушылар құрметіне салынып жатқан храмда алғашқы Қасиетті Литургияны өткізді. Бұл орын — көптеген православие архипастырлары, дін қызметкерлері, монахтар мен миряндардың азап шегіп қаза тапқан қасиетті жері.
Жоғары Мәртебеліге қызмет еткендер: Шымкент жаңа азап шегушілері мен сенімін мойындаушылар храмының кілтшісі протоиерей Александр Могилевский, Шымкент қаласындағы Никольский кафедралды соборының клириктері иеромонах Николай (Строев) және протодиакон Алексий Горобченко.
Құдайға құлшылық кезінде әндерді Никольский кафедралды соборының хоры Е.В. Алешинаның жетекшілігімен орындады.
Марқұмдарға еске алуда «құдайсыздардың қатал қудалауы кезінде азап шегіп, өлтірілген, аштықтан, суықтан, жарақаттардан, аурулардан және лагерьлердегі, түрмелердегі ауыр еңбектен қайтыс болған» иерархтар, дін қызметкерлері, монахтар және барлық православие христиандары үшін дұғалар жасалды.
Литургиядан кейін Христостың Қасиетті Қайта Тірілуіне арналган мадақтау және қайтыс болғандарды пасхалық еске алу рәсімі өтті. Осыдан кейін епископ Хрисанф жамағатқа өсиет сөзін айтты.
Құдайға құлшылық аяқталған соң Шымкент епархиясының басқарушысы храм-ескерткіштің құрылыс барысымен танысып, жұмыс кеңесін өткізді. Жоғары Мәртебелі құрылысты одан әрі жүргізуге қатысты бірқатар ұсыныстар енгізіп, Шымкент жаңа азап шегушілері мен сенімін мойындаушыларға арналған храм құрылысына атсалысып жүргендердің барлығына алғысын білдірді және жауапты мамандарға Қасиетті Шіркеудің игілігі жолындағы еңбектерінде Құдайдың көмегін тіледі.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр