7 мамыр 2026 жыл. Алматы. Қазақстан Митрополиттік округінің митрополит Иосиф (Чернов) атындағы әкімшілік және рухани-мәдени орталығының ғимаратында Астана және Қазақстан митрополиті Александр Астана және Алматы епархияларының епархиялық кеңесінің отырысын өткізді.
Отырысқа қатысқандар: Қазақстан Митрополиттік округінің істеоі басшысы Каскелен епископы Геннадий, Талдықорған епископы Клавдиан және Талғар епископы Вениамин; Алматц приходтарының құрметті өкілі, Никольский соборының басшысы протоиерей Валерий Захаров; Митрополиттік округтің діни білім беру және катехизация бөлімінің төрағасы, Оңтүстік астанадағы Покров шіркеуінің басшысы протоиерей Евгений Бобылев; Алма-Ата діни семинариясының ректоры, Митрополиттік округтің ақпараттық-баспа бөлімінің жетекшісі протоиерей Евгений Иванов; Митрополиттік округтің қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі, епархиялық кеңестің хатшысы протоиерей Александр Суворов; Оңтүстік астанадағы Вознесенский кафедралды соборының клиригі протоиерей Александр Иевлев; Митрополиттік округ басшысының жеке хатшысы иеромонах Димитрий (Байдек).
Отырысқа сондай-ақ Қазақстан Митрополиттік округінің хатшысы, Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері, Орыс шіркеулік ән өнерін дамыту жөніндегі Патриарх кеңесінің мүшесі О.Н. Овчинников қатысты.
Жалпы дұғадан кейін Қазақстан Православие шіркеуінің Бамшысы жиналғандарды құттықтап, Мәсіхтің Қасиетті Қайта Тірілу мейрамымен және Отан қорғаушылар күнімен құттықтады, содан соң күн тәртібін жария етті.
Қатысушылар 10 мамыр күні өтетін Оңтүстік астанадағы Никольский соборының Православие шіркеуіне қайтарылғанына 80 жыл толуына арналған мерекелік іс-шараларға дайындық туралы протоиерей Валерий Захаровтың баяндамасын тыңдады. Құрметті әке алдағы мерейтойлық шараларға дайындық жұмыстарының толық аяқталғанын, соның ішінде рухани мерекелердің уақытылы жарияланғанын хабарлады. Митрополиттік округ басшысы тарихи маңызы зор мерекенің ұйымдастырылуына оң баға беріп, барша қауымды белсенді қатысуға шақырды.
Протоиерей Александр Суворов бірнеше күн бұрын шіркеудің ресми интернет-ресурстарында жарияланған, жасанды интеллект арқылы жасалған контентте дін қызметкерінің бейнесін пайдалану мәселесіне қатысты Қазақстан Православие Шіркеуінің қоғаммен байланыс бөлімінің мәлімдемесіне түсініктеме берді. Сондай-ақ ол кеңес мүшелерін Қазақстан Республикасының «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңына енгізілген жаңа түзетулермен таныстырды.
Жиналыс барысында Алматыда өтетін бірқатар мәдени-ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, «Пасхальная песнь» халықаралық хор фестивалін өткізу, қазақ тіліндегі құлшылық кітабы тұсаукесері және Афондағы Қасиетті Тауынан келетін танымал византиялық хордың концерті жөнінде сөз болды. Митрополиттік округтің ақпараттық-баспа бөлімінің жетекшісі протоиерей Евгений Иванов жоспарланған бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша өз ұсыныстарын білдірді.
Отырыс соңында митрополит Александр жиналғандарға алғысын айтып, баршасына архипастырлық батасын берді.
Алматыдағы Орталық жексенбілік мектептің 35 жылдығын мерекелеу
Толығырақ
Митрополиттік округтің Басшысы Талдықорғандағы салынып жатқан Құдай Анасының Рождествосы кафедралды соборына барып, Жетісу облысы әкімінің орынбасары Д.Р. Есдәулетовпен кездесті
Толығырақ
Митрополиттік округтің Басшысы Талдықорғандағы салынып жатқан Құдай Анасының Рождество кафедралды соборына барып, Жетісу облысы әкімінің орынбасары Д.Р. Есдәулетовпен кездесті
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр