ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
10.05.2026, 16:30

Алматыда қасиетті Афон тауынан келген византиялық хордың пасхалық концерті өтті

Алматыда қасиетті Афон тауынан келген византиялық хордың пасхалық концерті өтті

10 мамыр 2026 жыля. Алматы. Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Иверско-Серафимовский монастырінің София соборында Қасиетті Афон тауынан келген византиялық хордың Қасиетті Мәсіхтің Қайта Тірілу мейрамына арналған концерті өтті.

Белгілі әншілік ұжым Қазақстанның Оңтүстік астанасына «Пасхалық ән» халықаралық музыкалық фестиваліне қатысу аясында келді.

Хорды қасиетті Павел монастырі жанындағы Жаңа Скиттің протопсалты, бас регенті әрі жарғы сақтаушысы схимонах Дамаскин (Симеонидис) басқарады. Қасиетті Афонда оны қазіргі заманғы шіркеулік ән өнерінің жетекші шеберлерінің бірі, сондай-ақ исихастық дәстүрмен және ақыл мен жүрек дұғасы тәжірибесімен байланысты рухани тәлімгер ретінде таниды.

Іс-шараны ұйымдастырудың бастамашысы – «Eleos-Meirim» қоғамдық қорының президенті В.М. Капсамун.

Музыкалық мерекенің құрметті қонақтарының қатарында болғандар: Өскемен және Семей архиепископы Амфилохий; Астана епархиясының викарийлері – Талдықорған епископы Клавдиан мен Талғар епископы Вениамин; Қазақстан Митрополиттік округі хорының регенті, Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы жанындағы Орыс шіркеулік ән өнерін дамыту жөніндегі шіркеулік-қоғамдық кеңестің мүшесі О.Н. Овчинников; В.М. Капсамун және Қазақстан Митрополиттік округінің мәдениет бөлімінің жетекшісі, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Л.Е. Горичева.

Концерт көрермендері қатарында болғанлар: Алматыдағы Никольский соборының Православие Шіркеуіне қайтарылғанына 80 жыл толуын мерекелеуге келген дін қызметкерлері; Оңтүстік астана храмдарының дін қызметкерлері мен прихожандары, қаладағы жексенбілік мектептердің тәрбиеленушілері, Алматы рухани семинариясының студенттері және шығармашылық зиялы қауым өкілдері.

Бағдарлама басталар алдында жиналған қауымға Өскемен және Семей архиепископы Амфилохий құттықтау сөзін арнады. Иерарх қонақтар мен шығармашылық кешті ұйымдастырушыларды Қасиетті Пасха мерекесімен құттықтап, мұндай музыкалық іс-шараның маңыздылығын атап өтті.

Тыңдаушылар назарына ежелгі византиялық дәстүрдегі Қасиетті Мәсіхтің Қайта тірілуіне арналған рухани әндер ұсынылды. Концерт барысында мерекелік стихиралар, канон әндері, катавасиялар және Пасха кезеңінде Қасиетті Афон тауындағы монастырлық құлшылықтарды көркейтетін өзге де шығармалар орындалды.

Концерт соңында византиялық хордың регенті мен әншілеріне Талдықорған епископы Клавдиан алғысын білдірді.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді