ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
13.05.2026, 15:00

Митрополит Александр Қазақстан Республикасындағы Орыс Православие Шіркеуі Митрополиттік округінің Мәскеудегі Өкілдігінде Литургияны өткізді

Митрополит Александр Қазақстан Республикасындағы Орыс Православие Шіркеуі Митрополиттік округінің Мәскеудегі Өкілдігінде Литургияны өткізді

2026 жылғы 13 мамыр – Елуінші күн мейрамы Преполовениесінің соңғы күні; апостол Иаков Зеведеев пен Кавказ епископы әулие Игнатийдің (Брянчанинов) еске алу күні.

Астана және Қазақстан митрополиті Александр Қазақстан Республикасындағы Орыс Православие Шіркеуі Митрополиттік округінің Мәскеу қаласындағы Өкілдігі – Мәскеу Патриархтық ауласының қасиетті шейіт әйелдер Вера, Надежда, Любовь және олардың анасы София атындағы храмында Құдайлық Литургияны өткізді.

Жоғары мәртебеліге қызмет еткендео: Астана приходтарының құрметті өкілі архимандрит Сергий (Карамышев); Алматы рухани семинариясының проректоры, богословие кандидаты, медицина ғылымдарының докторы, профессор игумен Агафангел (Гагуа); протоиерей Александр Соколов; қасиетті шейіт әйелдер Вера, Надежда, Любовь және София храмының кілтшісі иеромонах Антоний (Дробязко), өкілдік клириктері, диакон Анатолий Леденев, диакон Роман Фролов, «Свете Тихий» қорының жетекшісі диакон Даниил Булычев.

Литургияда дұға еткендер: Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасы орынбасары Хатшылығы басшысының орынбасары Н.В. Паршикова; «Скиния» православ қоғамының төрағасы, шіркеу және қоғам қайраткері А.В. Бугаевский; өкілдік қамқоршылары мен храм прихожандары.

Анна Рожнованың жетекшілігімен храм хоры ән шырқады.

Литургия соңында дін қызметкерлері Мәсіхтің Жарқын Қайта Тірілуіне, апостол Иаков Зеведеев және әулие Игнатийге (Брянчанинов) мадақ айту рәсімін орындады.

Митрополит Александр «Христос воскресе!» деп көне және қазіргі түрлі тілдерде айтып, содан кейін сенушілерге қасиетті судан сеуіп, уағызын айтты.

Орыс Православие Шіркеуінің игілігі жолындағы еңбектері үшін, сондай-ақ туған күніне байланысты айтулы күнге орай митрополит Александр қасиетті шейіт әйелдер Вера, Надежда, Любовь және София храмының клиригі диакон Роман Фроловты Қазақстан Митрополиттік округінің жоғары марапаты – «Еңбек үшін» орденімен марапаттады. Иерарх марапат иесіне алдағы Қасиетті Шіркеуге қызметінде жан және тән қуатын, Құдай мейірімін тіледі.

«Бүгін біз Кавказ және Қара теңіз епископы әулие Игнатийді еске аламыз. Бұл әулие бізге тамаша еңбектерін қалдырды. Ол тақуалық өмір туралы да, православ догматикасының түрлі мәселелері туралы да, ересілер мен жікшілдіктерге қарсы да, өзге де өзекті тақырыптар жайында жазды. Бұл қасиетті тақуа бізге уақыты мен рухы жағынан өте жақын тұлға. Ол көзі тірісінде барлық адамдар үшін дұға етіп, көптеген жанды Ақиқат жолына бағыттады. Қазір де қасиетті ретінде Құдай Тағы алдында дұға ете отырып, өзінің кітаптары арқылы бізге үн қатып, ар-ұжданымызды оятып, тәубеге шақырады». Митрополит Александрдың уағызынан.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді