ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
15.05.2026, 12:00

Тверь және Кашинск митрополиті, Орыс шіркеулік ән өнерін дамыту жөніндегі Патриархтық Шіркеу-қоғамдық кеңестің төрағасы Амвросийдің «Пасхалық ән» фестиваліне жолдаған құттықтау сөзі

Тверь және Кашинск митрополиті, Орыс шіркеулік ән өнерін дамыту жөніндегі Патриархтық Шіркеу-қоғамдық кеңестің төрағасы Амвросийдің «Пасхалық ән» фестиваліне жолдаған құттықтау сөзі

Қазақстандағы Астана және Қазақстан митрополиті, Жоғары мәребелі  Александрға

«Пасхалық ән» хорлар соборының ұйымдастырушылары мен қатысушыларына

Жоғары мәребелі мырза, аса құрметті Александр!

Жоғары мәребелі және мәртебелі архипастырьлар! Ардақты әкелер!

Қымбатты бауырлар мен әпке-қарындастар!

МӘСІХ ТІРІЛДІ

Мәсіхтің Қайта Тірілу мейрамын жалғастыра тойлап жатқан шақта,  рухани қуаныш пен айрықша игілікке толы осы жарқын күндерде баошаңызды шын жүректен құттықтаймын.

Пасхалық бәрін жеңген қуанышты шіркеулік ән айтудан асқан асқақ әрі көркем түрде жеткізудің жолы жоқ шығар. Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кириллдің батасымен Алматы қаласында Қазақстан Республикасындағы Орыс Православие Шіркеуінің Митрополиттік округінің барлық епархияларынан келген шіркеулік хор ұжымдарының жиналып, дүниенің Құтқарушысы — қабірден Қайта тірілген Иеміз Құдаймен бірге мадақтап жатқаны көңілге зор қуаныш сыйлайды.

Шіркеулік ән айту — ғибадаттың жай ғана сәні немесе музыкалық сүйемелдеуі емес. Ол — дыбыстардағы құдайтану, әуенмен көмкерілген дұға. Хор өнері арқылы біз терең рухани мағыналарды жеткізіп, жүректі Құдай сөзіне ерекше ықыласпен қарауға үйретіп, бір ауыздан Құдірет Иесінің Тағына Шіркеудің үнін көтере аламыз.

Осы фестивальге қатысушылардың регенттік қызмет тәжірибесімен алмасуға, ән өнерін дамытудағы өзекті мәселелерді талқылауға, тәжірибелі хор әншілерінен тағылым алуға деген ұмтылысы біздің құлшылық мәдениетіміздің болашағына елеулі үлес қосатынына сенімдімін.

Әрбір ұжымға шабыт, әрбір регентке даналық пен сабыр, әрбір әншіге жүрек тазалығы мен берік сенім тілеймін. Осы күндер сіздер үшін мәңгілікке үн қататын шынайы пасхалық әнге айналсын. Осында алған тәжірибелеріңіз қауымдарыңызда мол жеміс әкелсін.

МӘСІХ ТІРІЛДІ!

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді