ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
18.05.2026, 08:00

Алматы Діни Семинариясының атынан митрополит Александрды туған күнімен құттықтау

Алматы Діни Семинариясының атынан митрополит Александрды туған күнімен құттықтау

2026 жылғы 18 мамыр — Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың, Орыс Православие Шіркеуі Қасиетті Синодының тұрақты мүшесінің, Алматы Православиелік Діни Семинариясының профессорының туған күні.

Осы мерекелі күнмен Ұлы мәртебелі архипастырьды Алматы Православиелік Діни Семинариясының ректоры, басшылығы, оқытушылары мен студенттері құттықтайды:

Жоғары мәртебеңіз, аса қүрметті Әмірші!

МӘСІХ ТІРІЛДІ!

Көк пен жер, періштелер мен адамдар Мәсіхтің Қайта Тірілуін салтанатпен мадақтайтын қасиетті Пасха күндерінде Сіз өзіңіздің туған күніңізді қарсы алып отырсыз. Өз нұрымен дүниеге келген әрбір адамды ағартатын Иеміз (Ин. 1:9) Сізді Өзі жаратқан әлемге енгізіп, Өзінің жаратылысының сұлулығы мен ұлылығын танытты.

Сіздің өмір жолыңызға көз жүгірткенде, Забур жыршысының: «Құдайдың тағдырлары — терең тұңғиық» (Пс. 35:7) деген сөздері еріксіз еске түседі. Жастық шағыңыздан бастап Сіз өзіңізді түгелдей Құдайға және Оның халқына қызмет етуге арнадыңыз. Сіздің өміріңіз, істеріңіз, уағыздарыңыз бен өсиеттеріңіз Сізді шіркеу жолында талмай еңбек ететін, мақсаткер, дана, Мәсіх Шіркеуін шексіз сүйетін, айналасына мейірімді әрі рақымды жан ретінде көрсетеді.

Сіз жақындар мен алыстағыларға Әкеден болып, бізге көрінген мәңгілік өмірді (1 Ин. 1:2) уағыз етуді тоқтатпайсыз. Бас Пастырь Мәсіхтің мейіріміне және Көктегі Патшайымның шапағатына үміт арта отырып, Жаратушыға ризашылықпен жыл сайын қасиетті архипастырлық крестіңізді абыроймен көтеріп келесіз.

Осы Сіз үшін ерекше күні Сізге өзіңіз негізін қалаған Алматы Діни Семинариясына деген тұрақты қамқорлығыңыз бен жанашырлығыңыз үшін шынайы алғысымыз бен перзенттік ризашылығымызды білдіреміз. Осы жоғары рухани оқу орнында еңбек етіп, білім алып жүргендердің барлығы Иемізден Сізге зор денсаулық, құтқарылу және барлық игі істеріңізге жарылқау тілеуде.

Сізге жан мен тән қуатын, Құдайдың мол көмегін және өзіңіз атқарып жүрген жоғары әрі жауапты архипастырлық қызметіңізде толағай табыс тілейміз.

Εἰς πολλὰ ἔτη, δέσποτα!

МӘСІХ ШЫНЫМЕН ТІРІЛДІ, ОЛ МӘҢГІ ӨМІР СҮРІП, ПАТШАЛЫҚ ЕТЕДІ!

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді