ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
18.05.2026, 09:00

Қазақстан Православие Шіркеуінің Синоды Астана және Қазақстан митрополиті Александрды туған күнімен құттықтайды

Қазақстан Православие Шіркеуінің Синоды Астана және Қазақстан митрополиті Александрды туған күнімен құттықтайды

2026 жылғы 18 мамырда Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың туғанына 69 жыл толады. Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысын Қазақстан Митрополиттік округінің Синод мүшелері құттықтайды:

Орыс Православие Шіркеуі Қасиетті Синодының тұрақты мүшесі, Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті, Жоғары мәртебелі Александрға

Жоғары мәртебеңіз, аса құрметті Әмірші!

МӘСІХ ТІРІЛДІ!

Бүгін Сіз үшін ерекше мереке күні — Сіз ыстық дұғамен және «бәрі үшін және барлығы үшін» Қансыз Құрбандық ұсынумен өзіңіздің туған күніңізді қарсы алып, жердегі өмір қуанышын сыйлаған Жаратушы мен Қамқор Иеге өмір сүрген жылдарыңыз үшін алғыс айтасыз. Қазақстан Митрополиттік округінің архипастырлары мен дін қызметкерлері, монахтар мен зайырлы қауым Сізге құрметпен құттықтау мен игі тілектерін жолдайды; Сіздің сансыз көп қауымыңыз дана Басшы әрі сүйікті әке ретінде Сіз үшін дұға етуде.

Жастайыңыздан Сіз Құдайға қызмет ету жолына түстіңіз, ал бүгінде еңбектеріңіздің нәтижесіне қарап, Иеміздің Сізге қаншалықты мол таланттар, қабілеттер мен дарындар сыйлағанына таңғалмасқа болмайды. Сіздің өміріңізде Мәсіхке және Оның Қасиетті Шіркеуіне қызмет етуден маңызды әрі қымбат ешнәрсе болған жоқ және жоқ. Туған Православиеге деген сүйіспеншілік Сізге архипастырлық крестті сабырмен әрі кішіпейілділікпен көтеруге күш береді. Өз Шіркеуіне қамқор болатын Иеміз Сіз және Сіздің шешімдеріңіз арқылы Өзінің мол рақымын көрсетіп, Қазақстан жеріндегі ата-баба сенімін нығайтып келеді.

Баяғыда, 1872 жылы жаңадан құрылған Түркістан кафедрасына келген Сіздің қадір тұтатын әулие ізашарыңыз — архиепископ Софония (Сокольский) қауымына былай деп үн қатқан еді: «Сіздермен рухани байланысымның негізіне Құдайдың рақымы, тыныштығы мен батасын дұғамен тілеуді қоямын». Ұлы Даланың елшісі секілді Сіз де барлығымыз үшін Иемізден ең басты қасиетті сыйлар — рақым, тыныштық және мейірімділікті сұрайсыз.

Сіз Көктегі Патшайымның «Неупиваемая Чаша» ғажайып иконасы дәріптелетін күні дүниеге келдіңіз. Мұның өзінде Қасиетті Құдай Анасының Сізге өмір жолында айрықша қамқорлығының белгісі көрінеді. Үш күннен кейін Қайта тірілген Иеміз Құдай Оның аналық шапағаты арқылы Сізді Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы ретіндегі жанқиярлық қызметіңізде рухани әрі тәндік тұрғыдан әрдайым нығайтып, барлық істеріңіз бен бастамаларыңызға батасын беріп, Сізге ұзақ ғұмыр сыйласын.

МӘСІХ ШЫНЫМЕН ТІРІЛДІ!

Қайта тірілген Мәсіхтегі құрмет пен сүйіспеншілікпен,

Павлодар және Екібастұз архиепископы Варнава

Қарағанды және Шахтинск архиепископы Севастиан

Өскемен және Семей архиепископы Амфилохий

Көкшетау және Ақмола архиепископы Варсонофий

Петропавл және Булаево архиепископы Владимир

Қаскелең епископы Геннадий,

Қазақстан Митрополиттік округі істерінің басқарушысы

Ақтөбе және Қызылорда епископы Игнатий

Талдықорған епископы Клавдиан, Астана епархиясының викарийі

Шымкент және Түркістан епископы Хрисанф

Талғар епископы Вениамин, Астана епархиясының викарийі

Орал және Атырау епископы Вианор

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді