Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысына қызмет еткендер: Өскемен және Семей архиепископы Амфилохий; Астана епархиясының викарийі, Талдықорған епископы Клавдиан; Оңтүстік астана храмдарының құрметті өкілі, Никольский соборының басшысы протоиерей Валерий Захаров; архимандрит Геронтий (Борисевич); Астана шіркеу округінің құрметті өкілі архимандрит Сергий (Карамышев); Алматы қаласындағы Құдай Анасының «Барлық қайғырғандардың Қуанышы» иконасы құрметіне арналған храмның басшысы протоиерей Евгений Воробьев; епархиялық қасиеттілерді заңдастыру бөлімінің жетекшісі архимандрит Иосиф (Еременко); Митрополиттік округ Басшысының жеке хатшысы иеромонах Димитрий (Байдек); Ақжар ықшамауданындағы Богородице-Рождественский құрметіне арналған храмның басшысы иеромонах Алексий (Черевцов); митрополит хатшылығының жетекшісі иеромонах Прохор (Ендовицкий); Митрополиттік округ Басшысының әкімшілік хатшылығының жетекшісі иерей Георгий Сидоров; протодиакон Николай Гринкевич; митрополиттің протокол қызметінің жетекшісі протодиакон Роман Головин; протодиакон Владимир Сыровацкий; протодиакон Сергий Куликов; иеродиакон Иннокентий (Струнов); Өскемен епархиясының хатшысы диакон Илия (Кван); диакон Георгий Ткаченко.
Құдайлық қызмет барысында дұға еткендер: Қазақстан Православие Шіркеуі істерінің басшысы Қаскелең епископы Геннадий; Қазақстан Православие Шіркеуінің хатшысы, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан Митрополиттік округі хорының регенті, Орыс шіркеулік ән өнерін дамыту жөніндегі Патриарх кеңесінің мүшесі О.Н. Овчинников; Митрополиттік округтің ақпараттық-баспа бөлімінің жетекшісі, Алматы Діни Семинариясының ректоры протоиерей Евгений Иванов; «Eleos-Meirim» қоғамдық қорының президенті В.М. Капсамун; Құдай Анасының Туылуы храмының қайырымдылық жасаушылары мен прихожандары.
Ән айтуды Алматы епархиясының аралас хоры диакон Александр Пивеньнің жетекшілігімен орындады.
Литургия барысында 18 мамырда туған күнін атап өтіп жатқан митрополит Александрдың денсаулығы мен амандығы туралы арнайы тілектер айтылды.
Қасиетті өлеңнен кнйінгі уағызды иерей Георгий Сидоров оқыды.
Құдайлық қызметтің соңында Пасхалық мадақтау рәсімі өтті. Одан кейін әмірші митрополит көне және қазіргі түрлі тілдерде «Мәсіх Тірілді!» деп жариялап, сенушілерге қасиетті суды септі.
Орыс Православие Шіркеуінің Басшысы Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кириллге; Қазақстан Митрополиттік округінің Басшысы мен епископатына, қонақ архипастырларға; Қазақстан Президентіне, билік өкілдеріне, әскерге және бүкіл халқына көпжылдық жария етілді.
Архиепископ Амфилохий Астана және Қазақстан митрополиті Александрға Қазақстан Православие Шіркеуі Синодының туған күніне орай жолдаған құттықтау хатын оқып берді.
Өз жауабында Митрополиттік округ Басшысы архипастырларға, дін қызметкерлеріне және зайырлы қауымға жылы лебіздері мен игі тілектері үшін шынайы алғысын білдіріп, Қазақстан жеріндегі Мәсіх Шіркеуіне одан арғы қызметінде Құдайдың көмегі берілуі үшін ерекше дұғалар сұрады.
Мерекелік құдайлық қызметке Алматы қаласы Дін істері басқармасының жетекшісі Н.М. Кікімов қатысып, Жоғары мәртебелі архипастырьға қала әкімдігінен құттықтау сөздерін жеткізді.
«Eleos-Meirim» қоғамдық қорының президенті В.М. Капсамун Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысына естелік сый тарту етті.
Қасиетті Шіркеу игілігі жолындағы еңбектері үшін митрополит Александр иерей Сергий Слесарчукты белдікше тағу құқығымен марапаттады.
Митрополиттік құдайлық қызметтің бейнетүсірілімін Қазақстан Митрополиттік округінің «Семиречье» телестудиясы (директоры – мәдениет саласының еңбек сіңірген қызметкері В.Л. Посаднева) жүзеге асырды; фототүсірілімді ақпарат бөлімінің қызметкері А. Щеглов жүргізді.
Архипастырь атына Орыс Православие Шіркеуі Қасиетті Синодының тұрақты мүшелерінен, Мәскеу Патриархаты архипастырларынан және Поместік Православие Шіркеулерінің иерархтарынан; Қазақстан мен Ресейдің мемлекеттік басшыларынан, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Парламенті депутаттарынан, Қазақстан облыстары мен қалаларының әкімдерінен, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерінен, Қазақстан мен Ресейдің дәстүрлі діни конфессиялары жетекшілерінен және қоғамдық ұйымдардан құттықтау хаттар келіп түсті.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр