ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
21.05.2026, 08:00

Иеміздің Көкке көтерілу мейрамы қарсаңында Митрополиттік округтің Басшысы Алматыдағы Вознесенский соборында түнгі құлшылықты өткізді

Иеміздің Көкке көтерілу мейрамы қарсаңында Митрополиттік округтің Басшысы Алматыдағы Вознесенский соборында түнгі құлшылықты өткізді

20 мамыр 2026 жылы, Иеміз әрі Құтқарушымыз Иса Мәсіхтің Көкке көтерілу мейрамы қарсаңында, Астана және Қазақстан митрополиті Александр Алматы қаласындағы Вознесенский кафедралды соборында түнгі құлшылықты өткізді. Оңтүстік астананың басты ғибадатханасы үшін бұл күн тақ мерекесі болып табылады.

Иеміздің Көкке Көтерілу мейрамына арналған құлшылық Пасхалық мадақтаумен басталды – дін қызметкерлері Мәсіхтің Жарқын Қайта тірілуінің тропарын, Пасхалық сағаттарды және Қасиетті Пасханың стихираларын орындады. Ағымдағы шіркеу жылында собор күмбездерінің астында соңғы рет «Мәсіх қайта тірілді! – Расында қайта тірілді!» деген пасхалық үндеу естілді.

Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысына қызмет еткендер: Өскемен және Семей архиепископы Амфилохий; Қазақстан Митрополиттік округі істері басшысы Қаскелең епископы Геннадий; архимандрит Геронтий (Борисевич); Алматы епархиясының рухани тәлімгері архимандрит Иоанн (Сазонов); епархиялық әулиелерді заңдастыру бөлімінің жетекшісі архимандрит Иосиф (Еременко); Вознесенский кафедралдық соборының кілтшісі протоиерей Александр Суворов; Митрополиттік округ басшысының жеке хатшысы иеромонах Димитрий (Байдек); Митрополиттік округ басшысының әкімшілік хатшылығының жетекшісі иерей Георгий Сидоров; собор дін қызметкерлері.

Шіркеу әндерін Митрополиттік округ хоры (регенті – В. Дударева) және Вознесенск соборының хоры (регенті – Е. Богуславец) орындады.

Шіркеу Жарғысына сәйкес, ұлы кешкі құлшылықта нан, шарап, бидай және елейге (майға) бата берумен лития (күшейтілген дұға) жасалды.

Таңғы құлшылықта Інжіл оқылғаннан кейін митрополит Александр жамағатқа уағызын айтып, онда Құтқарушының Көкке Көтерілуінің терең догматикалық мәнін түсіндірді.

Көкке көтерілу каноны орындалған кезде сенушілер қасиеттелген елеймен майланды.

Мейрам күні Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы Оңтүстік астанадағы Вознесенский соборында Құдайлық Литургияны өткізеді. Басталуы сағат 8:00-де.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді