ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
29.05.2026, 13:00

Алматы қаласындағы Вознесенский кафедралды соборында Қасиетті Құдай Анасына арналған акафист оқылды

Алматы қаласындағы Вознесенский кафедралды соборында Қасиетті Құдай Анасына арналған акафист оқылды

28 мамыр 2026 жыл. Алматы. Вознесенский кафедралды соборында кешкі құлшылық аяқталғаннан кейін Астана епархиясының викарийі, Талдықорған епископы Клавдиан Қасиетті Құдай Анасына арналған акафист оқылған құлшылыққа жетекшілік етті.

Жоғары Мәртебеліге қызмет еткендер: Оңтүстік астана приходтарының құрметті өкілә протоиерей Валерий Захаров; собор дін қызметкерлері; Алматы храмдарының басшылары мен клириктері.

Құлшылыққа Алматц епархиялық басқармасының қызметкерлері мен Оңтүстік астананың православие дінін ұстанатын тұрғындары қатысты.

Акафистің кондактары мен икостарының басталуы кезекпен архипастырь мен бірге қызмет еткен діни қызметкерлер тарапынан оқылды.

Құдайға арналған әндерді Алматц епархиясының ерлер хоры орындады.

Акафист оқылып болғаннан кейін дін қызметкерлері мен жиналған қауым «Мейіріміңнің панасына жүгінеміз» дұғасын және Қасиетті Құдай Анасын мадақтау жырын орындады. Бұдан соң архипастырь Құдай Анасына деген құрмет туралы уағыз айтты.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді