ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
30.05.2026, 21:00

Қасиетті Үштік мерекесі қарсаңында Митрополиттік округтің Басшысы Оңтүстік астанадағы Вознесенский кафедралды соборында түнгі құлшылықты өткізді

Қасиетті Үштік мерекесі қарсаңында Митрополиттік округтің Басшысы Оңтүстік астанадағы Вознесенский кафедралды соборында түнгі құлшылықты өткізді

2026 жылғы 30 мамырда, Қасиетті Елуінші күн мерекесі – Өмір Беруші Қасиетті Үштік мерекесінің қарсаңында, Астана және Қазақстан митрополиті Александр Алматы қаласындағы Вознесенский кафедралды соборында түнгі құлшылықты өткізді.

Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысына қызмет еткендер: Қазақстан Митрополиттік округі істері басшысы Қаскелең епископы Геннадий, Алматы епархиясының рухани тәлімгері архимандрит Иоанн (Сазонов), Алматыдағы  Вознесенский кафедралды соборының кілтшісі, округтің қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі протоиерей Александр Суворов және собор дін қызметкерлері.

Құдайға мадақтау жырларын Митрополиттік округ хоры (регенті – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Орыс шіркеулік ән өнерін дамыту жөніндегі Патриарх кеңесінің мүшесі О.Н. Овчинников; хормейстері – В. Дударева) және Вознесенский соборының хоры (регенті – Е. Богуславец) орындады.

Ежелгі дәстүр бойынша ғибадатхана ағаш бұтақтарымен безендірілді, ал дін қызметкерлері мен жамағат түнгі құлшылық барысында қолдарына жасыл бұтақтар мен гүлдер ұстап тұрды.

Құлшылық кезінде нан, шарап, бидай және елейге (майға) бата берілді.

Ұлы Сенбіден бері алғаш рет дін қызметкерлері, хор және жамағат Киелі Рухқа арналған «Көктегі Патша» дұғасын орындады.

Таңғы ғибадатта Інжіл оқылғаннан кейін «Көктегі Патша» дұғасы екінші рет дін қызметкерлері мен халықтың қатысуымен салтанатты түрде шырқалды. Одан соң митрополит Александр жиналған қауымға архипастырлық уағызын айтты.

Канон орындалу кезінде сенушілер қасиеттелген елеймен майланды.

Бүкіл түнгі ғибадат барысында «Көктегі Патша» дұғасы үшінші рет Ұлы мадақтау жырының алдында бүкіл халықпен бірге орындалды.

31 мамыр күні, мерекенің өзінде, митрополит Александр Оңтүстік астанадағы Вознесенский кафедралық соборында кеш Қүдайлық Литургияны және Елуінші күн мейрамының ұлы кешкі құлшылығын тізе бүгіп оқылатын дұғалармен бірге өткізеді.

Құлшылықтың басталуы сағат 8:30.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді