ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
03.06.2026, 14:00

Митрополиттік округтің Басшысы Астанадағы ең көне храмның престолдық мерекесін басқарды

Митрополиттік округтің Басшысы Астанадағы ең көне храмның престолдық мерекесін басқарды

2026 жылғы 3 маусым – қасиетті теңапостолды патша Константин мен оның анасы патшайым Еленаны еске алу күні.

Астана және Қазақстан митрополиті Александр Астана қаласындағы қасиетті теңапостолды патшалар Константин мен Еленаға арналған соборда Құдайлық Литургияны басқарды.

Жоғары мәртебелі архипастырға қызмет еткендер: Көкшетау және Ақмола архиепископы Варсонофий, Астана епархиясының викарийі – Талдықорған епископы Клавдиан; Астана шіркеу округінің благочинныйы архимандрит Сергий (Карамышев); Константино-Еленинский соборының кілтшісі протоиерей Сергий Калиев; Успен соборы кілтшісінің м.а. протоиерей Евгений Корольков; Құдай Анасының «Қаза тапқандарды іздестіру» иконасының құрметіне арналған әйелдер монастырінің рухани тәлімгері иеромонах Модест (Дроздов); Астана қаласындағы қасиетті Саровтық Серафим храмының дін қызметкері иеромонах Силуан (Синегубов); құрметті өкілдің көмекшісі иерей Сергий Дианов; Ақмола облысы Аққайық ауылындағы Никольский храмының басшысы иерей Владислав Коваленко; иерей Максим Маджитов; диакон Илия Давыдов және диакон Илия Саляхов.

Литургия барысында дұға еткендер: Құдай Анасының «Қаза тапқандарды іздестіру» иконасының құрметіне арналған әйелдер монастырінің басшысы игумения Севастиана (Плотникова) монастырь әпкелерімен бірге, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Орыс шіркеулік ән өнерін дамыту жөніндегі Патриарх кеңесінің мүшесі О.Н. Овчинников, епархиялық басқарма қызметкерлері, қажылар мен ғибадатхана жамағаты.

Құдайға мадақтау әндерін Константино-Еленинский соборының хоры Н. Мазуринаның жетекшілігімен орындады.

Қасиетті өлеңнен кейінгі уағызды иеромонах Силуан (Синегубов) оқыды.

Литургиядағы соңғы дұғадан кейін крест шеруі өтті. Шерудің соңында көпжылдық әні шырқалып, митрополит жиналған қауымды айқыш таңбасымен жарылқап, қасиетті сумен себеледі.

Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы архипастырларды, дін қызметкерлерін, игумения ананы және жамағатты престолдық мереке қуанышымен құттықтап, жиналған қауымға уағызын айтты.

«Қасиетті теңапостолды патша Константин мен оның анасы патшайым Еленаның естелігін ұлықтай отырып, біз бүкіл Еуропа мен әлемдік өркениеттің тағдыры шешілген дәуірді еске аламыз. Біз жер бетіндегі ең жоғарғы билікке ие бола тұра, Тәңірлік Патшаның алдында тізе бүгіп, тәждерін иіп өткен жандарды дәріптейміз. Қасиетті Константин Құдайға толық сенім артты және кейін өзінің бар билігін христиандар қанының төгілуін тоқтатуға, Бүкіләлемдік Соборды шақыруға және православиелік сенімнің тазалығын нығайтуға арнады. Оның жанында әрдайым тақуа анасы – қасиетті патшайым Елена болды. Оның Шіркеу алдындағы ең ұлы еңбегі Иерусалимде Иеміздің Өмір сыйлаушы Крест ағашын табуы еді. Жаратқан Ие оның еңбегіне береке беріп, Крест бүкіл әлемнің үстіне көтеріліп, барлық халықтар үшін құтқарылудың белгісіне айналды». Митрополит Александрдың уағызынан.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді