2026 жылғы 4 маусымда архиепископ Елевферийдің (Козорез) Иеміз Құдайдың құзырына қайтқанына 5 жыл толды.
Астана және Қазақстан митрополиті Александр Мәскеу қаласындағы Қазақстан Республикасындағы Орыс Православие Шіркеуі Митрополиттік округінің Өкілдігі – Патриархтық ауласында қасиетті шейіттер Вера, Надежда, Любовь және Софияның құрметіне арналған храмда марқұм иерархтың рухына дұға бағыштады.
Құлшылыққа қатысқандар: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ресей Федерациясының өнерге еңбек сіңірген қайраткері, Орыс шіркеулік ән өнерін дамыту жөніндегі Патриарх кеңесінің мүшесі О.Н. Овчинников; Алматы діни семинариясының проректоры, теология кандидаты, медицина ғылымдарының докторы, профессор игумен Агафангел (Гагуа); қасиетті шейіт қыздар Вера, Надежда, Любовь және олардың анасы Софияның құрметіне арналған храмның кілтшісі иеромонах Антоний (Дробязко), өкілдік жанындағы дін қызметкерлері мен қызметкерлері.
Митрополиттік округтің басшысы жиналған қауымға сөз сөйлеп, марқұм архипастырдың еңбектерін ризашылықпен еске алды.
«Марқұм архипастыр отыз жылдан астам уақыт бойы Христос Шіркеуіндегі апостолдық қызметтің крестін көтеріп, түрлі игі істерді сүйіспеншілікпен әрі ыждағаттылықпен атқарды, “Ізгі хабардың құпиясын жариялап” (Еф. 6:19), өзіне сеніп тапсырылған қауымның Христосқа деген сенімде өсуіне жанашырлықпен қамқорлық көрсетті. Ол атеизм бұғауы күйрегеннен кейін Қазақстан жеріндегі шіркеулік өмірдің қайта жаңғырып, өркендеуінің куәгері әрі белсенді қатысушысы болды. Сол жылдары жаңадан тағайындалған архипастыр өзінің барлық қабілеті мен күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін Оңтүстік және Солтүстік Қазақстандағы, сондай-ақ еліміздің орталық өңірлеріндегі шіркеулік өмірді ұйымдастыруға арнады. Архиепископ қорланған қасиетті орындарды қалпына келтіріп, жаңа приходтар ашты, қайырымдылық, ағартушылық және жастар қызметтерінің дамуына бастамашы болып, мемлекеттік билік өкілдерімен және дәстүрлі конфессиялар жетекшілерімен сұхбат жүргізді. Өзінің қажырлы қызметі арқылы ол бұл өңірлерді Митрополиттік округтің жаңа епархиялары – Қостанай, Петропавл, Көкшетау және Қарағанды епархияларының құрылуына дайындады. Архиепископ Елевферий әрдайым елші сөзін басшылыққа алып, “сөзінде, өмірінде, сүйіспеншілігінде, рухында, сенімінде және тазалығында сенушілерге үлгі болуға” (1 Тим. 4:12) ұмтылды. Біз оның жарқын бейнесін әрдайым қарапайым, жанашыр әрі мейірімді адам ретінде сақтаймыз. Ол өзіне көмек пен жұбаныш сұрап келген әрбір жанды қолдауға тырысатын». Митрополит Александрдың архиепископ Елевферийді (Козорез) еске алу сөзінен.
Жексенбілік күні Митрополит Александр Мәскеудегі Қазақстан Митрополиялық округі Өкілдігінің храмында Құдайлық Литургияны өткізді
Толығырақ
Радонеждік қасиетті Сергийді еске алу күні митрополит Александр Мәскеудегі Қазақстан Митрополиттік округінің Өкілдігінде Құдайлық Литургияны өткізді
Толығырақ
Қарабұлақ кентіндегі Патша әулетінің қасиетті азап шегушілеріне арналған храмның престолдық мейрамы
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр