5 маусым 2026 жыл. Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александр Вяткадағы Спасо-Преображенский әйелдер монастыріндк болды. Бұл – 1624 жылы марқұм Қасиетті Патриарх Филареттің батасымен құрылған, Русьтің солтүстік-шығысындағы ең көне православиелік монастырьлардың бірі. Биыл монастырь ғимаратының Орыс Православие Шіркеуіне қайтарылғанына 35 жыл және монастырлық өмірдің қайта жанданғанына 25 жыл толып отыр.
Қажылық барысында әміршіні алып жүргендер: Митрополиттік округтің хатшысы, Қазақстан мен Ресейдің еңбек сіңірген қайраткері О.Н. Овчинников, сондай-ақ митрополиттің көмекшілері П.В. Соколов пен И.Е. Яценко.
Митрополит Александрды монастырь игумениясы Фаддея (Сивцова) және монастыр басшылары қарсы алды. Ана игумения иерархқа монастырьдің тыныс-тіршілігі, ағартушылық және қайырымдылық қызметі, сондай-ақ жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары туралы айтып берді.
Преображенский соборында Митрополиттік округтің Басшысы ХХ ғасырдағы Орыс Православие Шіркеуінің көрнекті архипастыры, православиелік канондарды берік ұстанған қасиетті мойындаушы, Глазов епископы Виктордың (Островидов; 1875–1934) қасиетті жәдігерлеріне тағзым етті. Қасиетті Виктор өз қызметін адал атқарғаны үшін құдайсыз биліктің қудалауына ұшырап, бірнеше рет тұтқындалып, жер аударылып, лагерьлерде азап шекті.
Әмірші митрополит монастырьдің марқұм игумениясы Софияның (Розанова; †2021) рухына бағыштап дұға оқыды. Игумения София монахтық постригті митрополит Александрдың қолынан қабылдаған болатын.
Монастырь басшысы мәртебелі қонаққа Вяткадағы Преображенский әйелдер монастырінің көпғасырлық тарихына арналған мұражай экспозицияларын таныстырды. Мұнда мұрағаттық фотосуреттер, құжаттар, монастырь тұрмысына қатысты заттар, көне шіркеулік кітаптар мен бұйымдар, сондай-ақ қасиетті мойындаушы Виктор (Островидов) пен оның көмекшісі игумения Февронияға (Юферева) қатысты бірегей материалдар қойылған.
Сол күні митрополит Александр XVIII ғасырда салынған Спасск соборына да барды. Православиеге қарсы қудалау жылдарында бұл ғибадатхана іс жүзінде жойылып кеткенімен, қазіргі уақытта жанашыр адамдардың қамқорлығының арқасында қайта қалпына келтірілді. Бұл храм XVII ғасырда көптеген ғажайыптарымен танылған Вятка өлкесінің қастерлі қасиетті бейнелерінің бірі – Қолмен Жасалмаған Құтқарушы иконасымен тығыз байланысты.
Астана және Қазақстан митрополиттік округінің басшысы митрополит Александр Ұлы өзенде әулие Николайдың ғажайып бейнесінің табылуына арналған Вятка митрополиттік округіндегі салтанатты мерекелерді басқарды
Толығырақ
Митрополит Александр Медян ауылындағы Қасиетті Троицк храмында болды
Толығырақ
Митрополит Александр: «Шіркеуіміздің жаңа азап шегушілері мен ақиқатты мойындаушылардың сансыз көп дұғаларының арқасында Жаратқан Ие Вятка жерінде өмір сүріп жатқан адамдарға Өз мейірімін төкті». Великорецк крест шеруінің қайта жаңғыруына орай
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр