ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
10.06.2026, 13:00

Астана және Қазақстан митрополиті Александр «Софрино» көркем-өндірістік кәсіпорнында болды

Астана және Қазақстан митрополиті Александр «Софрино» көркем-өндірістік кәсіпорнында болды

9 маусым 2026 жыл. Софрино, Мәскеу облысы. Астана және Қазақстан митрополиті Александр «Софрино» көркем-өндірістік кәсіпорнында болды.

Митрополиттік округтің Басшысымен бірге алып жүргендер: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері, Патриархтың орыс шіркеулік ән өнерін дамыту жөніндегі кеңесінің мүшесі, Митрополиттік округтің хатшысы О.Н. Овчинников; Алматы рухани семинариясының проректоры, теология ғылымдарының кандидаты, медицина ғылымдарының докторы, профессор, игумен Агафангел (Гагуа); хаттама қызметінің жетекшісі протодиакон Роман Головин; Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасы орынбасары хатшылығы басшысының орынбасары Н.В. Паршикова; митрополиттің көмекшілері С.В. Соколов пен И.Е. Яценко.

Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысын «Софрино» кәсіпорнының бас директорының м.а. В.А. Левин және зауыт әкімшілігі қарсы алды.

Иерарх қасындағылармен бірге «Софрино» көркем-өндірістік кәсіпорны жанындағы Саровтық преподобный Серафимге арналған үй шіркеуіне барып, ондағы қасиетті жәдігерлерге тағзым етті. Одан кейін В.А. Левиннің сүйемелдеуімен кәсіпорынның бірқатар өндірістік цехтарын аралады. Митрополиттік округтің Басшысы «Софрино» басшылығымен өндірістің түрлі бағыттарын талқылап, өнім дайындаудың технологиялық үдерістерімен жан-жақты танысты.

Митрополит Александр мен Владимир Анатольевич зауыттың Митрополиттік округ епархияларымен және Мәскеудегі қасиетті шейіт қыздар Вера, Надежда, Любовь және София храмындағы Қазақстан Православие Шіркеуі Өкілдігімен өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ салынып жатқан храмдарға арналған шіркеу жабдықтарын сатып алу мәселелері қарастырылды. Атап айтқанда, Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кириллдің батасымен Астанада құрылып жатқан рухани-мәдени орталық құрамына енетін Қазақстан жерінде жарқыраған Бүкіл Әулиелер құрметіне арналған собор мен Радонеждік қасиетті Сергий атындағы храм туралы сөз болды.

Кездесу соңында митрополит Александр мен зауыттың бас директорының м.а.бір-біріне игі істер мен бастамаларында табыс тіледі. Иерарх кәсіпорын басшылығы мен қызметкерлерінің еңбегіне Құдайдың жарылқауын тіледі.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді