13 маусым 2026 жыл. Кострома. Жетпіс елшінің бірі Ерманың және Верный епископы қасиетті азапкер Пименнің туысы – қасиетті азапкер Философ Орнатский пресвитер мен оның ұлдары азапкерлер Борис пен Николайды еске алу күні Астана және Қазақстан митрополиті Александр қасиетті Римдік азапкерлер Александр мен Антонинаға арналған храмда Құдайлық Литургияны өткізді.
Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысына қызмет еткендер: Кострома епархиясының хатшысы, Иоанн Златоуст храмының басшысы протоиерей Валерий Бунтеев, Тихон храмының басшысы протоиерей Петр Бахтин, Александр-Антонин храмының басшысы протоиерей Игорь Шашков, Илия пайғамбар храмының басшысы протоиерей Виталий Шастин, Петропавл храмының басшысы протоиерей Сергий Степанов, Кострома ауданы Бычиха ауылындағы Вознесенскиц храмының басшысы протоиерей Александр Воробьев, Шарья қаласындағы Никольский храмының басшысы әрі Шарья округінің құрметті өкілі протоиерей Дмитрий Степанов, Спасо-Запрудный шіркеуінің басшысы иерей Иоанн Степанов, иерей Алексий Клобуков, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі протодиакон Михаил Спельник, Митрополиттік округ Басшысының хаттама қызметінің жетекшісі протодиакон Роман Головин, диакон Сергий Бахтин және диакон Серафим Степанов.
Шіркеу хоры И. Шашкованың жетекшілігімен ән айтты.
Құлшылық кезінде дұға еткендер: Қазақстан Митрополиттік округінің хатшысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы жанындағы орыс шіркеулік ән өнерін дамыту жөніндегі Шіркеу-қоғамдық кеңестің мүшесі О.Н. Овчинников және Кострома епархиялық басқармасының қызметкерлері.
Қызметке Кострома қаласы мен Кострома облысы әкімдігінің өкілдері, облыстық және қалалық думаның депутаттары, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері қатысты.
Литургия аяқталғаннан кейін Жоғары мәртебелі митрополит бірге қызмет еткен дін қызметкерлері мен жамағатты Құдайлық Литургияны бірге атқару қуанышымен және алда келе жатқан Русь жерінде жарқыраған Бүкіл әулиелер мерекесімен құттықтап, уағызын айтты.
Архипастырь Православие игілігі үшін ерекше еңбек еткен бірқатар костромалықтарды Қазақстан Митрополиттік округінің наградаларымен марапаттады.
Александр-Антонин храмында митрополит Александр Құдай Анасының ғажайып саналатын Игрицк-Смоленск иконасының көне көшірмесіне тағзым етті. XVII ғасырда керемет түрде табылған түпнұсқа Игрицк иконасы соғыстан кейінгі жылдары Игрицк Песоченск монастыры жабылған соң сақталған Любовниково ауылындағы Воскресенский шіркеуінен ұрланған болатын.
Митрополит дұға еткен храмның қасиетті жәдігерлерінің қатарында Римдік азапкерлер Александр мен Антонинаның, ұлы азапкер әрі емші Пантелеимонның, Римдік әулие Клименттің және әділ Феодор Ушаковтың қасиетті жәдігерлерінің бөлшектері бар.
Иерарх көптеген костромалық дін қызметкерлері жерленген орын - приходтық некропольлі аралап, сол жерде марқұмдарға арнап дұға бағыштады.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр