ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
16.06.2026, 15:00

Астана епархиясы викарийлерінің Русь жерінде жарқыраған Бүкіл әулиелер апталығындағы қызметі

Астана епархиясы викарийлерінің Русь жерінде жарқыраған Бүкіл әулиелер апталығындағы қызметі

2026 жылғы 14 маусымда, Елуінші күн мейрамынан кейінгі 2-ші жексенбіде, Русь жерінде даңқы жайылған Бүкіл әулиелерді еске алу күні, Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Астана епархиясының викарийлері Қазақстан Митрополиялық округінің храмдарында құдайлық қызметтер өткізді.

Қазақстан Православие шіркеуінің Істерін басқарушы, Қаскелең епископы Геннадий Алматы қаласындағы Вознесен кафедралдық соборында Құдайлық литургияны басқарды.

Архипастырға қызмет еткендер: собордың кілтшісі, Митрополиттік округтің қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі протоиерей Александр Суворов; Патриарх комиссиясының дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі мүшесі игумен Филипп (Моисеев); Вознесен кафедралдық соборының клиригі протоиерей Александр Иевлев. Диакондық қызметті протодиакон Николай Гринкевич басқарды.

Құдайға мадақ жырларын Вознесенский соборының Е. Богуславец жетекшілік ететін хоры орындады.

Литургия аяқталғаннан кейін епископ Геннадий ортақ дұғаға қатысушыларға алғысын білдіріп, жиналған қауымға насихат сөзін арнады.

Астана епархиясының викарийі, Талдықорған епископы Клавдиан Алматы қаласының Алатау шағынауданындағы Талдықорған викариатствасының өкілдігі – Ең Қасиетті Құдай Анасының Благовещение құрметіне арналған храмда Литургияны өткізді.

Иерархқа қызмет еткендер: протоиерей Владимир Глухих, иерей Николай Матлашов, иеродиакон Вениамин (Вдовин), диакон Рустик Якупов.

Құдайлық қызмет кезінде Алатау шағынауданының православ тұрғындары мен жақын маңдағы елді мекендердің сенушілері дұға етті.

Благовещение храмының хоры А. Аверьянованың жетекшілігімен ән орындады.

Құдайлық қызмет аяқталған соң архипастырь дін қызметкерлері мен прихожандарды жексенбілік күнімен құттықтап, жиналған қауымға уағызын айтты.

Астана епархиясының викарийі, Талғар епископы Вениамин өзінің мәртебелі мерекесін атап өтіп жатқан Алатау қаласындағы Иоанн Кронштадтский храмында Литургияны өткізді.

Жоғары Мәртебеліге қызмет еткендер:  Христорождественский соборының кілтшісі протоиерей Александр Гайченя, қасиетті әділ Иоанн Кронштадтский атындағы храмның басшысы протоиерей Вадим Алексеев, Қонаев қаласындағы Ксения храмының настоятелі иеромонах Пимен (Ткаченко) және диакон Павел Корниенко.

Құдайлық қызмет барысында Алатау қаласының православ сенушілері, жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары және Алматыдан келген қажылар дұға етті.

Литургиялық әндерді Иоанн Кронштадтский хоры орындады.

Қасиетті өлеңнен  кейінгі уағызды протоиере  Александр Гайченя оқыды.

Литургияның соңында мерекелік крест шеруі өтті. Осыдан кейін епископ Вениамин храм басшысын, дін қызметкерлері мен прихожандарды мәртебклі мереке күнімен құттықтап, тағылымды сөзін айтты.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді