ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
28.06.2026, 16:00

Қазақстан Православие Шіркеуі қасиетті жәдігер – құрметтелетін әулиелерінің қасиетті жәдігерлерінің бөлшектері салынған құрбандық үстелінің айқышына ие болды

Қазақстан Православие Шіркеуі қасиетті жәдігер – құрметтелетін әулиелерінің қасиетті жәдігерлерінің бөлшектері салынған құрбандық үстелінің айқышына ие болды

28 маусым 2026 жыл. Алматы. Қазақстан Православие Шіркеуі қасиетті жәдігер – Құдайдың құрметтелетін әулиелерінің қасиетті жәдігерлерінің бөлшектері салынған құрбандық үстелінің айқышына ие болды.

Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың өтініші бойынша бұл қасиетті жәдігер қайырымдылық жасаушылар тарапынан Алматы епархиясының сенушілерінің дұға жасап тағзым етуі мен рухани демеу алуы үшін табыс етілді.

Айқышқа мына әулиелердің қасиетті жәдігерлерінің бөлшектері салынған: Алтайлық қасиетті Макарийдің; Александриялық ұлы азап шегушілер Екатерина мен Македониялық Иринаның; Магнезиялық қасиетті азапкер Харалампийдің; қасиетті азап шегушілер Римдік Виттің, Кордовалық Викторияның, Антиохиялық Иустинаның, Римдік бойжеткен Викторияның; қасиетті иерархтар Александрия архиепископы Ұлы Афанасийдің; Фессалоникия архиепископы Григорий Паламаның; Бүкілресей Патриархы Тихонның; Алтай митрополиті Макарийдің (Невский).

Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен жексенбі және мереке күндері қасиетті жәдігерлер салынған айқыш Митрополиттік округтің храмдарына әкелініп тұратын болады.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді