ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
05.07.2026, 13:00

Жексенбі күні митрополит Александр Астанадағы Успен кафедралды соборында Құдайлық Литургияны өткізді

Жексенбі күні митрополит Александр Астанадағы Успен кафедралды соборында Құдайлық Литургияны өткізді

2026 жылғы 5 шілде – Елуінші күн мейрамынан кейінгі 5-апта, Самосат епископы қасиетті азапкер Евсевийді еске алу күні.

Астана және Қазақстан митрополиті Александр Астанадағы Успен кафедралды соборында жексенбілік Құдайлық Литургияны басқарды.

Жоғары мәртебеліге қызмет еткендер: Астана шіркеу округінің құрметті өкілі архимандрит Сергий (Карамышев), Успен кафедралды соборының кілтшісі м.а протоиерей Евгений Корольков, Митрополит округі басшысының жеке хатшысы иеромонах Димитрий (Байдек), Қостанай епархиясының хатшысы иеромонах Геннадий (Бурдюжа), Астана қаласындағы қасиетті Серафим Саровский храмының клиригі иеромонах Силуан (Синегубов), иеромонах Даниил (Макогон), митрополит хатшылығының жетекшісі иеромонах Прохор (Ендовицкий), құрметті өкіл көмекшісі иерей Сергий Дианов, иерей Виктор Дрожников, иерей Андрей Ивашинин, иерей Николай Горячев, митрополиттің хаттама қызметінің жетекшісі протодиакон Роман Головин, диакон Илия Давыдов, диакон Михаил Чумаков және диакон Ярослав Вохменцев.

Литургия барысында Успен кафедралды соборының хоры (жетекшісі – О. Варенцова) шіркеулік әндерді орындады.

Марқұмдарға дұға бағыштау кезінде митрофорлы протоиерей Александр Миловановтың рухына арнап ерекше дұғалар оқылды. Осы күні қадірлі тәлімгердің дүниеден өткеніне бес жыл толды.

Қасиетті өлеңнен кецінгі уағызды иеромонах Димитрий (Байдек) оқыды.

Құлшылық аяқталғаннан кейін Митрополиттік округінің басшысы дін қызметкерлері мен жамағатқа ортақ дұға үшін алғысын білдіріп, жиналған қауымға тағылымды уағызын айтты.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді