6 шілде 2026 жыл - Владимир және Құдай Анасының Астана–Почаев иконаларының құрметіне арналған мереке.
Астана–Почаев Қасиетті Құдай Анасы иконасы – бүкіл православие әлемі қастерлейтін қасиетті жәдігердің, яғни Орыс Православие Шіркегінің ұлы киелі мұрасы – ғажайып қасиетке ие Құдай Анасы Почаев иконасының көшірмесі болып табылады. Почаевтағы ғажайып түрде көрінген түпнұсқа иконаның көшірмесін өткен ғасырдың 60-жылдарының басында Целиноград қаласының (қазіргі Астана) Константино-Еленинскийге арналған храмының басшысы протоиерей Николай Иваненко Почаев қаласынан алып келген. 70-жылдардың басында бұл қасиетті иконаны қастерлеу дәстүрін көрнекті тәлімгер әрі сенім жолындағы мойындаушы архимандрит Кирилл (Бородин) жалғастырды. 2011 жылғы 4 маусымда Қазақстан Православие Шіркеуі Синодының Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың төрағалығымен өткен отырысында Астана Қасиетті Құдай Анасы иконасының мерекесін жыл сайын жаңа стиль бойынша 6 шілдеде атап өту туралы шешім қабылданды.
Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александр Астана қаласындағы Радонеждік қасиетті Сергий атындағы храмда алғашқы Құдайлық Литургияны өткізді. 2025 жылғы 18 қыркүйекте Мәскеу және бүкіл Русьтің Қасиетті Патриархы Кирилл қасиеттеген Сергий храмы сәулеттік кешеннің құрамына кіреді. Кешен Қазақстан жерінде жарқыраған Бүкіл әулиелердің құрметіне арналған соборды, сондай-ақ Қазақстан Митрополиттік округінің рухани-мәдени және ағартушылық орталығын қамтиды. Көптеген православие сенушілері күткен бұл жоба Орыс Православие Шіркеуінің Басшысының батасын алған. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары қайырымды жандардың қаражаты есебінен қарқынды жүргізілуде.
Митрополиялық округтің Басшысына қызмет еткендер: Астана шіркеу округінің құрметті өкілі архимандрит Сергий (Карамышев); Успение кафедралды соборының кілтшісі протоиерей Евгений Корольков; Митрополиялық округ Басшысының жеке хатшысы иеромонах Димитрий (Байдек); Қостанай епархиясы хатшысының м.а.иеромонах Геннадий (Бурдюжа); Константино-Еленинский кафедралды соборының кілтшісі протоиерей Сергий Калиев; Астана қаласындағы қасиетті Серафим Саровский атындағы храмның кілтшісі иеромонах Силуан (Синегубов); Мәскеу қаласындағы қасиетті азапкер әйелдер Вера, Надежда, Любовь және София храмы жанындағы Қазақстан Митрополиттік округі өкілдігінің клиригі иеромонах Даниил (Макогон); митрополит хатшылығының жетекшісі иеромонах Прохор (Ендовицкий); Радонеждік қасиетті Сергий атындағы храмның кілтшісі иерей Сергий Дианов; иерей Виктор Дрожников; иерей Андрей Ивашинин; иерей Андрей Шидловский; Сергий храмының клиригі иерей Николай Горячев; митрополиттің хаттама қызметінің жетекшісі протодиакон Роман Головин, диакон Илия Давыдов, диакон Михаил Чумаков және диакон Ярослав Вохменцев.
Сенушілердің дұғалық тағзымы мен рухани нығаюы үшін ғибадат кезінде храмға Радонеждік қасиетті Сергийдің қасиетті жәдігерінің бөлшегі салынған кеме әкелінді.
Құдайға құлшылық ету кезінде дұға еткендер: Қазақстан Митрополиттік округінің хатшысы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Орыс шіркеулік ән айту өнерін дамыту жөніндегі Патриарх кеңесінің мүшесі О.Н. Овчинников; храмның ктиторлары; Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының басшысы М.А. Споткай; епархиялық басқарманың қызметкерлері, қажылар мен храм прихожандары.
Мерекенің құрметті қонақтары болғандар: Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі А.Н. Бородавкин; Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі А.И. Богданов; Ватиканның Қазақстан Республикасындағы елшісі – Апостолдық нунций архиепископ Джордж Панамтхундил.
Құдайға құлшылық ету әндерін О. Варенцованың жетекшілігімен Успение кафедралды соборының хоры орындады.
Қасиетті өлеңнен кейінгі уағызды иеромонах Силуан (Синегубов) айтты.
Құдайлық литургия аяқталғаннан кейін Астана Қасиетті Құдай Анасы иконасы мен Радонеждік қасиетті Сергийдің киелі жәдігерінің бөлшегі салынған кеменің алдында мадақтау рәсімі өтті. Осыдан соң Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы дұға етушілерге Құдай Анасының иконасымен жарылқады.
Мәскеу және бүкіл Русьтің Қасиетті Патриархы, Орыс Православие Шіркеуінің Басшысы Кириллге; Қазақстан Митрополиттік округінің Басшысына, архипастырьларына, дін қызметкерлеріне және қауымына; Қазақстан Республикасының Президентіне, мемлекеттік билік өкілдеріне, әскери қызметкерлеріне және бүкіл Қазақстан халқына көпжылдық көпжылдық әні шырқалды.
Құдайға құлшылық ету рәсімі аяқталғаннан кейін митрополит жиналған дін қызметкерлеріне, монашестволық өмірді ұстанушыларға, прихожандар мен қонақтарға Қазақстанның астанасы – Астананың Көктегі Қамқоршысы болып табылатын Құдай Анасының иконасы құрметіне арналған мереке күні ортақ дұға қуанышын бөліскендері үшін шынайы ризашылығын білдірді. Сондай-ақ барша қауымды мерекемен құттықтап, уағызын айтты.
Сергий храмының ктиторы А.С. Лаврентьев храмға қасиетті ұлы азапкер Илиопольдік Варвараның қасиетті жәдігерінің бөлшегі салынған кемені және Қазақстанның жаңа азапкерлері мен сенімді мойындаушыларының қасиетті жәдігерлері салынған иконаны сыйға тартты. Иерей Сергий Дианов қасиетті сыйды қайырымды жанның қолынан ризашылықпен қабылдады. Митрополиттік округтің Басшысы Андрей Сергеевичке приход өміріне жанашырлық танытып жүргені үшін алғысын айтып, оның игі еңбектері мен бастамаларына Иеміздің жарылқауы мен көмегін тіледі.
Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы сенушілерге қасиетті су сеуіп, батасын берді.
«Өткеннің тағылымы бізді, XXI ғасырдағы православие христиандарын, мынаған үйретеді: шынайы сенуші адам жердегі өмір жолы қаншалықты ауыр болса да, өз жүрегінде “Құдайға деген сенім мен үмітті” (1 Пет. 1:21) сақтауға шақырылған. Бұл – елшілерді жігерлендірген, азап шегушілер мен сенім жолындағы мойындаушыларды нығайтқан, әулие архипастырьларға күш-қуат берген, қасиеттілерді тақуалық өмірге жетелеген баға жетпес рухани қазына. Біз үшін христиандық өмірдің ең жоғары үлгісі – Құдай Анасының Өзі. Қасиетті азапкер Игнатий Богоносецтің сөзімен айтқанда, Ол “қуғын-сүргін мен қайғы-қасірет кезінде әрдайым қуанышты болды, мұқтаждық пен жоқшылықта мұңаймады, Өзін қорлағандарға ашуланбады, қайта оларға жақсылық жасады; бақ-дәулетте кішіпейіл, кедейлерге мейірімді болып, шамасы келгенше жәрдем көрсетті; тақуалық пен барлық игі істерде тәлімгер болды”. Қасиетті Құдай Анасының мейірімі Оның ғажайып иконаларын қастерлеп, сеніммен тағзым ететін біздердің бәрімізбен әрдайым, “әрбір уақытта және әрбір сағатта” бірге болғай. Ол – Иеміздің Анасы әрі біздің сүйікті Анамыз, көк пен жердің Патшайымы». Митрополит Александрдың уағызынан.
Астана қаласының әкімі Ж.М. Қасымбектің Сергий храмындағы құлшылық өмірінің басталуына орай құттықтауы
Толығырақ
Құдай Анасының Астана–Почаев иконасының құрметіне арналған мереке. Митрополит Александр Қазақстан астанасындағы Сергий храмында алғашқы Құдайлық Литургияны өткізді
Толығырақ
Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы Астанадағы Радонеждік қасиетті Сергий атындағы храмның жаңадан салынған қабырға суреттерін қасиеттеу рәсімін өткізді
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр