ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
09.07.2026, 12:00

Құдай Анасының Тихвин иконасы мерекесінде митрополит Александр Алматы қаласындағы Қазан соборында түнгі Қасиетті Литургияны өткізді

Құдай Анасының Тихвин иконасы мерекесінде митрополит Александр Алматы қаласындағы Қазан соборында түнгі Қасиетті Литургияны өткізді

9 шілде 2026 жыл -  Құдай Анасының Тихвин иконасының құрметіне арналған мереке.

Астана және Қазақстан митрополиті Александр Оңтүстік астанадағы ең көне храмдардың бірі – Құдай Анасының Қазан иконасының құрметіне арналған соборда түнгі Құдайлық Литургияны өткізді.

Митрополиттік округтің Басшысына қызмет еткендер: игумен Онисим (Тульников), Митрополиттік округ Басшысының жеке хатшысы иеромонах Димитрий (Байдек), иеромонах Арсений (Волошин), Алматы қаласының Ақжар ықшамауданындағы Құдай Анасының Туған күніне арналған храмның басшысы иеромонах Алексий (Черевцов), Иоанн Богослов храмының дін қызметкері иеромонах Геннадий (Соловьев), митрополит хатшылығының жетекшісі иеромонах Прохор (Ендовицкий), иеромонах Херувим (Левин), Қазан соборының дін қызметкері иеромонах Исаак (Истелюев), Алматы қаласының Кемел ықшамауданындағы Успение храмының дін қызметкері иеромонах Евгений (Щеглов), иеродиакон Афанасий (Козел), диакон Иоанн Чуркин және диакон Константин Вольнягин.

Ғибадат етуге жиналған қауымның тағзым етуі үшін храмға қасиетті жәдігер – Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кириллдің батасымен Қазақстан үшін арнайы дайындалған, Құдай Анасының ғажайып Тихвин иконасының дәл өлшемі мен бейнесі бойынша жасалған көшірмесі жеткізілді. Бұл қасиетті икона 2021 жылғы 12 тамызда Тихвиндегі Успение монастырында Құдай Анасының ғажайып бейнесінің алдында қасиеттелген.

Қызмет барысында дұға еткендер: Митрополиттік округ Басшысының әкімшілік хатшылығының жетекшісі иерей Георгий Сидоров, Алматыдағы Қазан соборының басшысы иерей Георгий Рублинский, «Eleos-Meirim» қоғамдық қорының қызметкерлері (президенті – В.М. Капсамун), Алматы епархиялық басқармасының қызметкерлері және собордың жамағаты.

Литургия барысында шырқалған әндерді диакон Александр Пивеньдің жетекшілігімен Алматы епархиясының ерлер хоры орындады.

Құдайлық қызмет кезінде Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың рухани тәлімгері болған мәңгі есте қалатын Тихвин архиепископы Мелитонның (Соловьев; †1986) рухына тыныштық сұрап дұғалар бағышталды.

Қасиетті өлеңнен кейінгі уағызды иеромонах Херувим (Левин) оқыды.

Литургия Ең Қасиетті Қүдай Анасын мадақтаумен аяқталды. Хор Тихвин иконасына арналған тропарьды орындады. Митрополиттік округтің Басшысы дұға оқып, содан кейін дін қызметкерлері Көктегі Патшайымның иконасының алдында ұлықтау әнін орындады.

Мадақтау рәсімінен кейін митрополит Александр дін қызметкерлері мен жамағатты мерекемен құттықтап, архипастырлық өсиетін айтты.

Құдайлық қызметтің тікелей көрсетілімі «Прообраз» YouTube арнасында «Eleos-Meirim» қоғамдық қорының (жетекшісі – В.М. Капсамун) қолдауымен ұйымдастырылды. Фототүсірілімді А. Щеглов жүргізді.

«Қасиетті Құдай Анасына арналған мерекелер бізге Көктегі Патшайымның ұлы аналық сүйіспеншілігін бұрынғыдан да тереңірек ұғынуға, Оның қамқорлығын сезінуге және рухани жанарымызбен үстімізге жайылған құтқарушы шапағатын көруге жәрдемдеседі. Әрбір православие христианы үшін «Херувимдерден де ардақты, серафимдерден де ешбір салыстырусыз даңқты» Құдай Анасының есімі аса қымбат әрі қастерлі. Өйткені дәл Ол арқылы әлемге Құтқарушымыз Мәсіх келді. Құдай Анасына қатысты бәріміз де – Оның балаларыбыз. Бізді Иеміздің Голгофтағы айқыштағы азап шегуі кезінде Ол Өз қамқорлығына қабылдады. Мәсіхтің елші әрі Інжілші Иоаннға айтқан: «Міне, Анаң!» деген сөздері әрқайсымызға арналған. Сондықтан да Аса Қасиетті Әміршімізге бағышталған әрбір дұғамыз осы ұлы ақиқатты терең сезіне отырып айтылуы тиіс. Аса Пәк Мәңгі Бикеш Мәриямның өнегесі – әрбір христиан үшін мәңгілік кемел үлгі. Құтқарушымыздың Анасы үлгі етпеген бірде-бір ізгі қасиет жоқ. Біз Оның өмірі туралы білетініміздің бәрі біз үшін үлгі-өнеге болуға лайық». Митрополит Александрдың уағызынан.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді