ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
13.07.2026, 14:00

Қасиетті алғашқы елшілер Петр мен Павелдің мерекесінде Астана және Қазақстан митрополиті Александр Иркутск қаласындағы Знаменский кафедралдық соборында Құдайлық литургияны өткізді

Қасиетті алғашқы елшілер Петр мен Павелдің мерекесінде Астана және Қазақстан митрополиті Александр Иркутск қаласындағы Знаменский кафедралдық соборында Құдайлық литургияны өткізді

2026 жылғы 12 шілде – Елуінші күн мейрамынан кейінгі 6-апта, қасиетті алғашқы елшілер Петр мен Павелдің мерекесі.

Шығыс Сібірдің қасиетті орындарына Иркутск және Ангар митрополиті Максимилианның шақыруымен зиярат жасап жүрген Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александр Иркутск қаласындағы Знаменский кафедралды соборында Құдайлық Литургияны өткізді.

Соборда Сібір өлкесінің ұлы қасиетті жәдігері – Иркутскінің алғашқы епископы, әулие Иннокентийдің бұзылмаған қасиетті жәдігерлері сақтаулы.

Жоғары мәртебелі митрополитке қызмет еткендер: Иркутск митрополитінің басқарушысы, Иркутск және Ангар митрополиті Максимилиан, Иркутск және Саян епархияларының дін қызметкерлері, Алматы Православие рухани семинариясының ректоры, протоиерей Евгений Иванов және Митрополиялық округ Басшысының әкімшілік хатшылығының жетекшісі, иерей Георгий Сидоров.

Құдайға құлшылық барысында дұға еткендер: Қазақстан Митрополиттік округінің хатшысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері О.Н. Овчинников, митрополит Александрмен бірге зиярат сапарына келген Алматы епархиялық басқармасының қызметкерлері, сондай-ақ Иркутскідегі Знаменский әйелдер монастырының монах әйелдері.

Мерекенің құрметті қонағы Иркутск облысының Заң шығару жиналысының төрағасы А.В. Ведерников болды.

Құдайға мадақ жырларын Трофим Поподько жетекшілік ететін Иркутск епархиясының хоры орындады.

Литургия қасиетті алғашқы елшілер Петр мен Павелді ұлықтау рәсімімен аяқталды. Одан кейін митрополит Максимилиан Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысын жылы қарсы алып, құттықтау сөзін сөйледі.

Өз сөзінде сібірлік архипастырь митрополит Александрдың Кострома және Галич епископы болған кезінде Ярославль қаласындағы музей қорларының бірінен, құдайсыздық дәуірінде Николай Надеин шіркеуінде сақталған Иркутск епископы әулие Иннокентийдің қасиетті жәдігерлерінің қайта табылуына қосқан үлесін ерекше атап өтті. Сол жылдары архипастырь Костромалық және Любимоградтық әулие Геннадийдің қасиетті жәдігерлерін іздеумен айналысып, жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде әулие Иннокентийдің жәдігерлерінің түпнұсқалығы дәлелденіп, оларды Шіркеуге қайтару үдерісі басталды.

Митрополит Максимилиан Қазақстан архипастырына әулие Иннокентий Иркутскийдің қасиетті жәдігерінің бөлшегі салынған иконаны сыйға тартты.

Митрополит Александр қасиетті алғашқы елшілер Петр мен Павелдің елшілік қызметі туралы уағызын айтып, митрополит Максимилианға бірлескен дұға үшін және 36 жылдан кейін Иркутскінің алғашқы епископы әулие Иннокентийдің қасиетті жәдігерлеріне тағзым ету мүмкіндігін бергені үшін шынайы ризашылығын білдірді.

Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы Иркутск митрополиясы мен Қазақстан Митрополиттік округі арасындағы ынтымақтастықты дамытуға қосқан еңбегі және алда келе жатқан 55 жылдық мерейтойына орай митрополит Максимилианды Верный және Жетісу епископы қасиетті азапкер Пимен орденімен, сондай-ақ архипастырлық қадір-қасиеттің белгілері – крест пен панагиямен марапаттады.

Сондай-ақ Қазақстан Митрополиттік округі мен Иркутск облысының Заң шығару жиналысы арасындағы өзара ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін митрополит Александр Заң шығару жиналысының төрағасы Александр Викторович Ведерниковке «Еңбек Үшін» орденін табыс етті.

Жоғары марапатты қабылдай отырып, Александр Викторович былай деді:

«Бұл марапат менің аз ғана еңбегімнің бағасы емес, Ресей мен Қазақстан халықтарын жақындастыру жолындағы алдағы қызметіме деген Сіздің сүйіспеншілікпен білдірген сеніміңіз болсын. Біздің халықтарды тек ортақ сенім ғана емес, парламентаралық байланыстар, достық және заң шығарушы органдар арасындағы ынтымақтастық та біріктіре түседі. Алдағы бірлескен қызметіміздің бағыттарын айқындауда Сіздің ақыл-кеңесіңіз бен батаңызға ие боламын деп үміттенемін. Өйткені халықтар арасындағы достық – мемлекеттер арасындағы берік әрі ұзақ мерзімді қарым-қатынастың негізі, ал бұл өз кезегінде елдеріміздің қуатын нығайтып, халықтардың әл-ауқатын арттыруға қызмет етеді».

Құдайлық Литургияның құрметіне митрополит Александр Знаменский кафедралдық соборына Қазақстанның екі әулиесінің – Алматы митрополиті әулие Николайдың және Қарағандылық әулие мойындаушы Севастианның қасиетті жәдігерлерінің бөлшектері салынған иконаларын сыйға тартты. Ал монастырь әпкелеріне монахтық жолындағы қызметтеріне игілік белгісі ретінде Құдай пайғамбары Илия иконасын тарту етті.

Иркутскінің әулие Иннокентийінің қасиетті жәдігерлері алдында митрополит Александр Митрополиттік округтің епископтары, дін қызметкерлері мен сенушілері, сондай-ақ Қазақстандағы бейбітшілік пен елдің игілігі үшін ерекше дұға жасады.

Фото: Иркутск епархиясының баспасөз қызметі.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді