ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
15.07.2026, 14:00

Влахернадағы Қасиетті Құдайананың киімінің қойылуы мерекесінде митрополит Александр Мәскеудегі Митрополиттік округ Өкілдігінің храмында Құдайлық Литургияны өткізді

Влахернадағы Қасиетті Құдайананың киімінің қойылуы мерекесінде митрополит Александр Мәскеудегі Митрополиттік округ Өкілдігінің храмында Құдайлық Литургияны өткізді

2026 жылғы 15 шілде – Влахернада Қасиетті Құдай Анасының қасиетті киімінің қойылуын еске алу күні.

Астана және Қазақстан митрополиті Александр Мәскеу қаласындағы Мәскеу Патриархы өкілдігі – Қазақстан Республикасындағы Орыс Православие Шіркеуі Митрополиттік округінің Өкілдігіндегі қасиетті шейіт әйелдер Вера, Надежда, Любовь және олардың анасы Софияның құрметіне арналған храмда Құдайлық Литургияны өткізді.

Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшыны қызмет еткендер:  Көкшетау және Ақмола архиепископы Варсонофий, протоиерей Павел Вишневский, протоиерей Александр Соколов, қасиетті шейіт әйелдер Вера, Надежда, Любовь және олардың анасы Софияның құрметіне арналған храмның кілтшісі иеромонах Антоний (Дробязко), иеромонах Даниил (Макагон), диакон Анатолий Леденев және диакон Роман Фролов. Құдайға құлшылық кезінде Анна Рожнованың жетекшілігімен храм хоры ән шырқады.

Құдайлық құлшылықта  Өкілдік қызметкерлері, Патриархтық өкілдіктің қайырымдылық жасаушылары және ғибадатхана жамағаты дұға етті.

Қасиетті уағызды протоиерей Павел Вишневский оқыды.

Литургия соңында Митрополиттік округтің Басшысы дін қызметкерлеріне, монашестводағыларға және жамағатқа ортақ дұға үшін алғысын білдіріп, тағылымды уағызын айтты.

Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Қасиетті Патриарх Кириллдің батасымен митрополит Александр «УЗУН» көлік компаниясының бас директоры В.М. Узунға Орыс Православие Шіркеуінің жоғары марапатын табыс етті. Алматы облысы Маловодное (Бәйдібек би) ауылындағы Қасиетті Құдай Анасының  Рождествосы құрметіне арналған ғибадатхананың құрылысына көрсеткен көмегі үшін Владимир Михайлович III дәрежелі қасиетті тақуа кнәз Александр Невский орденімен марапатталды.

Митрополит марапат иесін құттықтап, оған зор денсаулық, күш-қуат және Мәсіх Шіркеуінің игілігі жолындағы еңбегіне Құдайдың жәрдемін тіледі.

Иерарх жиналған сенушілерге қасиетті суды септі.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді