ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
17.07.2026, 14:00

Қарабұлақ кентіндегі Патша әулетінің қасиетті азап шегушілеріне арналған храмның престолдық мейрамы

Қарабұлақ кентіндегі Патша әулетінің қасиетті азап шегушілеріне арналған храмның престолдық мейрамы

2026 жылғы 17 шілде – қасиетті Патша әулетінің азап шегушілері – император II Николай, императрица Александра, тақ мұрагері Алексий және ұлы кінәз қыздар Ольга, Татьяна, Мария мен Анастасияны еске алу күні.

Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Қазақстан Митрополиттік округінің іс басқарушысы, Қаскелең епископы Геннадий Алматы облысы, Ключи (Қарабұлақ) кентіндегі митрополиялық аулада орналасқан, Қазақстандағы қасиетті Патша әулетінің азап шегушілеріне арналған жалғыз храмда Құдайлық Литургияны өткізді.

Жоғары Мәртебеліге қызмет еткендер: Алматы облысы Жетіген кентіндегі қасиетті әділ Иоанн Кронштадтский атындағы храмның басшысы протоиерей Вадим Алексеев; Митрополиттік  округ Басшысының әкімшілік хатшылығының жетекшісі иерей Георгий Сидоров; Алматы облысы Бәйтерек кентіндегі Әулие Алексий храмының клиригі, иеромонах Алексий (Самосенков); Қарабұлақ кентіндегі қасиетті Патша әулетінің азап шегушілері атындағы храмның клиригі, иеромонах Мелетий (Чернов); иеродиакон Афанасий (Козел); диакон Иоанн Момбаев; диакон Макарий Белицкий.

Құлшылық барысында дұға еткендер: Алматы қаласындағы Иверь–Серафим әйелдер монастырының әпкелері, Қарабұлақ кентінің православиелік тұрғындары және маңайдағы елді мекендерден келген сенушілер.

Шіркеу әндерін монастырьдегі София соборының хоры О. Усольцеваның жетекшілігімен орындады.

Қасиетті Құпиядан кейін храмның ортасына Екатеринбург қаласындағы көпес Ипатьевтің үйіндегі Патша әулеті атылған бөлмеден алынған тас салынған кеме шығарылды. Бұл қасиетті жәдігер 2012 жылы Екатеринбург және Верхотурье архиепископы Викентийдің (қазіргі Ташкент және Өзбекстан митрополиті, Орта Азия Митрополиттік округінің Басшысы) Қазақстан Митрополиялық округіне сыйы ретінде табысталған.

Литургия соңында қасиетті Патша әулетінің азап шегушілеріне мадақ айту рәсімі өтті.

Епископ Геннадий дін қызметкерлері мен жамағатты храмның престолдық мерекесімен құттықтап, жиналған қауымға архипастырлық өсиет сөзін арнады.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді