ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
17.07.2026, 13:00

Қазақстан Митрополиттік округінің Мәскеудегі Өкілдігінде қасиетті Патша әулетінің азап шегушілерін еске алу күні дұғамен аталып өтті

Қазақстан Митрополиттік округінің Мәскеудегі Өкілдігінде қасиетті Патша әулетінің азап шегушілерін еске алу күні дұғамен аталып өтті

2026 жылғы 17 шілде – қасиетті Патша әулетінің азап шегушілері – император II Николай, императрица Александра, тақ мұрагері Алексий және ұлы кінәз қыздар Ольга, Татьяна, Мария мен Анастасияны еске алу күні.

Астана және Қазақстан митрополиті Александр Мәскеу қаласындағы Патриархтық аулада орналасқан Қазақстан Митрополиттік округінің Өкілдігіндегі қасиетті шейіттер Вера, Надежда, Любовь және олардың анасы София атындағы храмда Құдайлық Литургияны өткізді.

Митрополитке қызмет еткендер: Көкшетау және Ақмола архиепископы Варсонофий; Алматы рухани семинариясының проректоры, теология ғылымдарының кандидаты, медицина ғылымдарының докторы, профессор, игумен Агафангел (Гагуа); протоиерей Александр Соколов; қасиетті шейіттер Вера, Надежда, Любовь және олардың анасы София атындағы храмның кілтшісі, иеромонах Антоний (Дробязко); Лисаковск шіркеулік округінің құрметті өкілі, Лисаковск қаласындағы қасиетті әділ Иоанн Кронштадтский атындағы храмның басшысы протоиерей Олег Калмыков; иеромонах Даниил (Макагон); диакон Анатолий Леденев және диакон Роман Фролов.

Құлшылық барысында шіркеу хоры Анна Рожнованың жетекшілігімен ән айтты.

Литургияда дұға еткендер: Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасы орынбасары хатшылығы басшысының орынбасары Н.В. Паршикова, Өкілдік қызметкерлері, Патриархтық ауланың қайырымдылық жасаушылары мен храм жамағаты.

Литургия қасиетті Патша әулетінің азап шегушілерін мадақтау рәсімімен аяқталды. Одан кейін Орыс Православие Шіркеуінің Басшысы, Мәскеу және бүкіл Русьтің Қасиетті Патриархы Кириллге, Қазақстан Митрополиттік округінің Басшысына, архипастырларына, дін қызметкерлері мен жамағатына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне, мемлекеттік билік өкілдеріне, Қарулы Күштеріне және бүкіл халқына көпжылдық тілек жарияланды.

Көпжылдық тілек орындалған кезде митрополит Александр дін қызметкерлері мен сенушілерге айқышпен бата беріп, кейін жамағатқа император II Николайдың, императрица Александраның, тақ мұрагері Алексийдің және ұлы кінәз қыздар Ольга, Татьяна, Мария мен Анастасияның өмір жолы, рухани ерлігі және азапты қазасы туралы архипастырлық уағызын айтты.

Құлшылық аяқталғаннан кейін митрополит Қазақстан Митрополитттік округінің Мәскеудегі Өкілдігінің игілігі жолындағы еңбегі және мерейтойына орай бухгалтер Н.А. Сонинаны Қазақстан Православие Шіркеуінің жоғары марапаты – «Еңбек үшін» орденімен марапаттады. Иерарх марапат иесіне зор денсаулық, күш-қуат және Мәсіх Шіркеуінің игілігі жолындағы алдағы қызметіне Құдайдың жәрдемін тіледі.

Өткен телефон арқылы әңгіме барысында Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы өзінің викарийі – Талғар епископы Вениаминді туған күнімен құттықтады. Митрополит архипастырға жан мен тән саулығын, Құдайдың мол жарылқауын және өзіне жүктелген жоғары әрі жауапты архипастырлық қызметінде табыс тіледі.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді