2026 жылғы 19 шілде – Елуінші күн мейрамынан кейінгі 7-апта, қасиетті Афондық қасиетті Афанасийді еске алу күні.
Астана және Қазақстан митрополиті Александр Мәскеу қаласындағы Мәскеу Патриархының Өкілдігі – Қазақстан Республикасындағы Орыс Православие Шіркеуінің Митрополиттік округі Өкілдігіне қарасты қасиетті шейіт қыздар Вера, Надежда, Любовь және олардың анасы Софияның құрметіне арналған храмда жексенбілік Құдайлық Литургияны өткізді.
Митрополитке қызмет еткендер: Алматы рухани семинариясының проректоры, теология ғылымдарының кандидаты, медицина ғылымдарының докторы, профессор, игумен Агафангел (Гагуа); протоиерей Александр Соколов; қасиетті шейіт қыздар Вера, Надежда, Любовь және олардың анасы Софияның құрметіне арналған храмның кілтшісі, иеромонах Антоний (Дробязко); Лисаковск қаласындағы қасиетті әділ Иоанн Кронштадтский атындағы храмның басшысы протоиерей Олег Калмыков; иеромонах Даниил (Макагон); диакон Анатолий Леденев және диакон Роман Фролов.
Құдайға мадақ жырларын храм хоры Анна Рожнованың жетекшілігімен орындады.
Құлшылықтв дұға еткендер: «Софрино» кәсіпорны бас директорының м.а. В.А. Левин, Өкілдік қызметкерлері, Патриарх өкілдігіне қамқорлық жасаушылар және храм жамағаты.
Литургия қасиетті Афондық Афанасийді ұлықтау рәсімімен аяқталды. Одан кейін Митрополиттік округтің Басшысы дін қызметкерлері мен жамағатты жексенбілік күнмен құттықтап, уағызын айтты. Архиерей жиналған қауымға қасиетті суды сеуіп, батасын берді.
Қазақстан Православие Шіркеуінің игілігі жолындағы еңбегі және 40 жасқа толуына орай митрополит Александр иеромонах Антонийді (Дробязко) «Еңбек үшін» орденімен марапаттады.
«Бүгінгі Құдайлық Литургияда елші Павелдің мынадай тағылымды сөздері оқылды: «Біз, рухани күштілер, әлсіздердің дәрменсіздігін көтеріп, өз пайдамызды ғана көздемеуіміз керек. Әрқайсымыз жақынымыздың игілігі үшін, оны рухани нығайту мақсатында әрекет етейік» (Рим. 15:1–2). Елшінің айтуынша, рухани әлсіз немесе тән сырқатына шалдыққан, өмірдің ауыртпалығынан қажыған не күнәлі құмарлықтардың жетегінде жүрген жақындарымызға қолдау көрсету – «Өзіне ұнамдыны емес» (Рим. 15:3) таңдаған Иеміз Иса Мәсіхтің құрбандыққа толы қызметіне лайықты еліктеу болып табылады. Бұл өсиеттің қарапайым өмірдегі көрінісін қасиетті Иоанн Златоуст былайша түсіндіреді: «Біреу ашуланшақ болсын, өкпешіл болсын немесе басқа бір кемшілігі болса – сен соған төзе біл». Сеніммен өмір сүру – өзімшілдікті жеңіп, тек өз мәселелерімізбен ғана шектелмеуді білдіреді. Біз, православие христиандары, қасиетті құпияларға қатысу, дұға ету және Қасиетті Жазбаның көктен келген даналығынан тәлім алу арқылы рухани нығаямыз. Сондықтан да жақындарымыздың мұқтажын көбірек байқап, олардың қайғысын бөлісіп, қиындыққа тап болғанда қолдау көрсетуге ұмтылуымыз қажет. «Мәсіх әрдайым сүйіспеншілік пен мейірімділік нұрын шашты. Біз де айналамызға үнемі ізгілік, жанашырлық пен мейірім себуге тиіспіз. Мәсіх өлілерді тірілтті, ал біз ұйқыдағы, тіпті рухани өліп қалған жақындарымыздың жанын ояту үшін бар күшімізді салуымыз керек», – деп өсиет қалдырған Қазақстандағы тақуалықтың көрнекті өкілі, марқұм митрополит Иосиф (Чернов). Бүгінгі биік адамгершілік парызымыз – қиындық көрген жандарға тірек болып, сенуші ме, сенбейтін бе, әділ ме, күнәкар ма – әрбір адамға бауырмалдық қолын созу. Біз айналамыздағы әлемнің жаңаруына қызмет етіп, оны ақиқатқа, мейірімге және сұлулыққа толтыру үшін еңбек етуге тиіспіз». митрополит Александрдың уағызынан.
Жексенбілік күні Митрополит Александр Мәскеудегі Қазақстан Митрополиялық округі Өкілдігінің храмында Құдайлық Литургияны өткізді
Толығырақ
Радонеждік қасиетті Сергийді еске алу күні митрополит Александр Мәскеудегі Қазақстан Митрополиттік округінің Өкілдігінде Құдайлық Литургияны өткізді
Толығырақ
Қарабұлақ кентіндегі Патша әулетінің қасиетті азап шегушілеріне арналған храмның престолдық мейрамы
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр