2026 жылғы 28 шілде – қасиетті Шоқындыруда Василий есімін алған теңапостолды ұлы кінәз Владимирді еске алу күні.
Қасиетті кінәз Владимирдің мерекесінде Орыс Православие Шіркеуінің канондық аумағындағы елдерде дәстүр бойынша айтулы күн – Русьтің Шоқындыру күні аталып өтеді.
Астана және Қазақстан митрополиті Александр Астана қаласындағы ең көне храм – Константино-Еленинский кафедралды соборда Құдайлық литургияны өткізді.
Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысына қызмет еткендер: Алматы православиелік рухани семинариясының ректоры, Қазақстан Митрополиялық округінің ақпараттық-баспа бөлімінің жетекшісі протоиерей Евгений Иванов; Алматы рухани семинариясының проректоры, теология ғылымдарының кандидаты, медицина ғылымдарының докторы, профессор игумен Агафангел (Гагуа); Астанадағы Құдай Анасының «Қаза тапқандарды іздеуші» иконасының құрметіне арналған әйелдер монастырының рухани тәлімгері иеромонах Модест (Дроздов); Қостанай епархиясы хатшысының міндетін атқарушы иеромонах Геннадий (Бурдюжа); Митрополиттік округ Басшысының әкімшілік хатшылығының жетекшісі иерей Георгий Сидоров; Сергий храмының клиригі иерей Андрей Ивашинин; митрополиттің хаттама қызметінің жетекшісі протодиакон Роман Головин; протодиакон Сергий Куликов; диакон Иоанн Янчук; диакон Георгий Ткаченко.
Әндерді Константино-Еленинский храмның Н. Мазуринаның жетекшілігіндегі хоры орындады.
Қызметте дұға еткендер: Қазақстан Митрополиттік округінің хатшысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері О.Н. Овчинников; Астанадағы Құдай Анасының «Қаза тапқандарды іздеуші» иконасының құрметіне арналған әйелдер монастырының игумениясы Севастиана (Плотникова) монастырь әпкелерімен бірге; Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасы орынбасары хатшылығы басшысының орынбасары Н.В. Паршикова; Астана епархиялық басқармасының қызметкерлері және храмның жамағаты.
Күшейтілген дұға кезінде Русьтің Шоқындыру мерекесіне арнайы әзірленген ерекше дұға өтініштері оқылды.
Қасиетті өлеңнен кейінгі айтылатын уағызды Алматы рухани семинариясының гомилетика пәнінің оқытушысы иерей Георгий Сидоров оқыды.
Құдайлық Литургия теңапостолды кінәз Владимирді ұлықтаумен аяқталды.
Дін қызметкерлері, Астана епархиясының қызметкерлері және жамағат Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысын митрополиттік дәрежеге көтерілгеніне 16 жыл толуымен құттықтады.
Архиерей дін қызметкерлері мен сенушілерге алғысын білдіріп, қасиетті Шоқындыруда теңапостолды кінәз Владимирдің құрметіне Владимир есімін алған есім иелерін құттықтап, жиналған қауымды қасиетті сумен себезгіледі.
Құлшылық аяқталғаннан кейінгі өзінің тәлім сөзінде митрополит Александр, атап айтқанда, былай деді:
«Ұлтына, тіліне, мәдениетіне немесе қай жерде өмір сүретініне қарамастан, өзін Орыс Православие Шіркеуінің адал перзентімін деп санайтын әрбір адам үшін Русьті Шоқындырушы қасиетті кінәз Владимирдің жылнамаларда тарихи дәлдікпен сақталған өмір жолы аса қымбат. Апостолдық сенімді қабылдаған кінәз Владимир христианның бүкіл рухани өмірінің өзегі, Інжілдегі адамгершілік ілімінің негізі не екенін толық ұқты. Ол – бүкіл «заң мен пайғамбарлар негізделген» (Мф. 22:40) екі өсиет: Құдайды сүю және жақыныңды сүю.
«Оның жасаған барлық игіліктерін түгел сипаттай алмаймын, – деп қасиетті кінәздің ізгі қасиеттеріне сүйсінеді Печерск монахы Иаков. – Қалаларда да, ауылдарда да барлық жерде мейірімділік көрсетті: киімі жоқтарды киіндірді, аштарды тамақтандырды, шөлдегендерді сусындатты, жолаушыларға пана берді; шіркеу қызметкерлерін құрметтеп, сүйіп, қамқорлық жасады; оларға қажеттінің бәрін берді; кедейлерді, жетімдерді, жесірлерді, зағиптарды, ақсақтарды және қайғы-қасірет шеккендердің бәріне мейірімділік танытып, киіндіріп, тамақтандырып, сусындатты». Теңапостолды кінәз Владимир бізге діни өмірде сенім ілімін білу мен оны іс жүзінде орындаудың арасына ешқашан шекара қоюға болмайтынын үйретеді. Рухани көзімізбен Мәсіхтің Құрбандығына қарап, Оның адамға деген сүйіспеншілігінің «өлімге дейін, тіпті айқыштағы өлімге дейін» (Флп. 2:8) төмен түскенін көргенде, сүйіспеншіліктің ең алдымен өзіңді өзгелер үшін арнай білу екенін түсінеміз. Бұл туралы біздің Шіркеудің Басшысы, Қасиетті Патриарх Кирилл өзінің бір уағызында былай деген болатын: «Өзіңді және өз өміріңнің, уақытыңның, қамқорлығыңның, қаражатыңның, адамдық жылуың мен ықыласыңның бір бөлігін басқаға арнауға дайын болу – міне, сүйіспеншіліктің көрінісі. Сүйіспеншілік – әдемі сөздер емес, өз өміріңді басқа адаммен бөлісе білу қабілеті». Қасиетті Православиені көздің қарашығындай сақтау, Мәсіхтің Шіркеуін сүю, апостолдық және қасиетті әкелердің ілімін өзіміз терең меңгеріп, оны балаларымызға жеткізу, сондай-ақ Інжілдегі сүйіспеншілік пен ақиқат заңдары бойынша өмір сүру – ұлы әрі тақуа кінәз Владимирдің бізге қалдырған ең басты өсиеттері».
Теңапостолды ұлы кінәз Владимирді еске алу күні. Митрополит Александр Астанадағы Константинл-Еленинский кафедралды соборында Құдайлық Литургияны өткізді
Толығырақ
Русьтің Шоқындыру күні Қазақстан Православие Шіркеуінің барлық храмдарында қоңырау үні бір мезгілде жаңғырды
Толығырақ
Алматыда иерей Павел Островскиймен кездесу өтеді
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр