2026 жылғы 28 шілдеде, теңапостолды ұлы кінәз Владимирді еске алу күні, Қазақстан Митрополиттік округі Істерін басқарушы, Каскелең епископы Геннадий Алматы қаласындағы престолдық мейрамын атап өткен Кінәз- Владимирский храмында Құдайлық Литургияны өткізді.
Жоғары Мәртебеліге қызмет еткендер: Оңтүстік астанадағы Христорождественский кафедралды соборының кілтшісі протоиерей Александр Гайченя; Есік қаласындағы Спасо-Силуанов ерлер монастырінің басшысы игумен Назарий (Марков); Алматы облысы Талғар ауданы Космос ауылындағы Құдай Анасының «Өмір сыйлаушы Бұлақ» иконасы құрметіне арналған храмының, Ивер-Серафим монастырының қосалқы шіркеуінің кілтшісі иеромонах Алексий (Самосенков); Владимирский храмының клиригі иерей Роман Кравченко; Талғар шіркеулік округінің құрметті өкілі міндетін атқарушы, Талғар қаласындағы Әулие Николай храмының басшысы иерей Кирилл Фрейганг; Алматыдағы Қазан кафедралды соборының кілтшісі иерей Георгий Рублинский; Жаркент шіркеулік округінің құрметті өкілі иерей Димитрий Каплин; сондай-ақ Оңтүстік астана храмдарының дін қызметкерлері. Диакондар қатарын иеродиакон Афанасий (Козел) басқарды.
Литургия барысында шырқалған әндерді Владимирский храмының диакон Макарий Белицкий жетекшілік ететін хоры орындады.
Қызметте дұға еткендер: «Eleos-Meirim» қоғамдық қорының президенті В. М. Капсамун, қауымның бас ктиторы С. В. Киселев, храмның қайырымдылық жасаушылары мен жамағат мүшелері, сондай-ақ Алматы қаласының православие дінін ұстанатын тұрғындары.
Литургия теңапостолды кінәз Владимирге арналған діни шеру мен дәріптеу рәсімімен аяқталды. Епископ Геннадий Русьтің Шоқындырылуы мерекесіне арналған ерекше дұғаны оқыды.
Архиерей дін қызметкерлері мен жамағатты престолдық мейраммен құттықтап, жиналған қауымға тағылымды уағызын айтты.
Құлшылықтың тікелей көрсетілімі «Прообраз» YouTube арнасында «Eleos-Meirim» қоғамдық қорының қолдауымен ұйымдастырылды.
Рухани мерекелік шаралар храмның алдындағы алаңда өткен концертпен қорытындыланды. Концертте Владимирский храмының әншілер ұжымы, Руми мен Янис дуэті және «Княжичи» ерлер хоры (көркемдік жетекшісі – С. Редькин) өнер көрсетті.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр