2026 жылғы 2 тамыз – Елуінші күн мейрамынан кейінгі 9-жексенбі, Құдай пайғамбары Илияны еске алу күні.
Астана және Қазақстан митрополиті Александр Талдықорған қаласындағы қасиетті апостол әрі Ізгі хабаршы Иоанн Богословтың құрметіне арналған соборда Құдайлық Литургияны басқарды.
Митрополиялық округтің Басшысына қызмет еткендер: Астана епархиясының викарийлері – Талдықорған епископы Клавдиан мен Талғар епископы Вениамин; Алматы православие рухани семинариясының ректоры, Қазақстан Митрополиттік округінің ақпараттық-баспа бөлімінің жетекшісі протоиерей Евгений Иванов; протоиерей Георгий Дидичин; митрополит хатшылығының жетекшісі иеромонах Прохор (Ендовицкий); Митрополиттік округ Басшысының әкімшілік хатшылығының жетекшісі иерей Георгий Сидоров; Талдықорған қаласындағы Архангел Гавриил храмының дін қызметкері Александр Вавулиди; иерей Александр Матлашов; иерей Виталий Пантелеев; митрополиттің хаттама қызметінің жетекшісі протодиакон Роман Головин, протодиакон Александр Мокий, диакон Рустик Якупов және диакон Георгий Ткаченко ю.
Сенушілердің тағзым етіп, рухани күш-қуат алуы үшін храмға Православие әлемінің ұлы қасиетті жәдігері – Қасиетті Құдай Анасы Белбеуінің бір бөлігі салынған кеме әкелінді.
Литургияда дұға еткендер: Қазақстан Митрополиттік округінің хатшысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ресейдің өнер қайраткері О.Н. Овчинников; «Eleos-Meirim» қоғамдық қорының президенті В.М. Капсамун; храм жамағаты, жексенбілік мектептің шәкірттері және Талдықорған қаласының православие сенушілері.
Мерекенің құрметті қонақтары болғандар: Жетісу облысы әкімінің орынбасары Д.Р. Есдәулетов пен Жетісу облысының Дін істері басқармасының басшысы С.А. Жанабай.
Шіркеу әндерін Ж.С. Лазукина жетекшілік ететін Иоанно-Богословский храмының хоры орындады.
Қасиетті өлеңнен кнйінгі айтылатын уағызды иерей Георгий Сидоров жеткізді.
200-ден астам адам Мәсіхтің Қасиетті Құпияларына ортақтасты.
Литургия Құдай пайғамбары Илияны мадақтаумен аяқталды. Одан кейін митрополит Александр жаңа өнімнің жемістерін қасиетті ету дәстүрлі рәсімін өткізді.
Пайғамбар Илияға арналған тропарь мен ұлықтау жыры орындалған кезде Жоғары мәртебелі архипастыр жиналған қауымға қасиетті суды септі.
Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кириллге, Қазақстан Митрополиттік округінің Басшысы мен мәртебелі архипастырларына, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.-Ж.К. Тоқаевқа, мемлекеттік билік өкілдеріне, әскерге және Қазақстанның бүкіл халқына көпжылдық тілек жарияланды.
2 тамыз күні Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың діни қызметкер болып тағайындалғанына 43 жыл толды. 1983 жылы Құдай пайғамбары Илияны еске алу күні Киров облысы Волково ауылындағы Үштік храмында марқұм архиепископ Хрисанф (Чепиль; †2011, кейін Вятка және Слободской митрополиті) өзінің хатшысы, диакон Александр Могилевті діни қызметкер дәрежесіне тағайындаған болатын.
Талдықорған епископы Клавдиан Қазақстан Православие Шіркеуінің асшысын осы айтулы мерейтойымен құттықтады.
Өз жауабында митрополит Александр иерархтарға, дін қызметкерлеріне және жиналған қауымға ізгі тілектері үшін шынайы ризашылығын білдіріп, архипастырлық қызметінде Құдайдың нығайтушы рақымының берілуі үшін ерекше дұға жасауды өтінді.
«Қасиетті Илия пайғамбардың пайғамбарлық қызметі Құдайға деген ерекше жалынды қызғанышпен тұтастай астасып жатыр – бұл оның қызметінің басты ерекшелігі. Қасиетті Жазбада Забур жыршысы Давидтің: « Сенің үйіңе деген қызғаныш оты мені жалмады» (Пс. 68:10), – деген сөздерін естиміз. Илия Құдайдың ұлылығы үшін дәл осындай сенім отымен жалындады. Құдай одан: «Илия мұнда не істеп жүрсің?» – деп сұрағанда, ол: «Мен Әскерлер Иесі Құдай үшін жалынды құлшыныспен жандым, өйткені Исраил ұлдары Сенің өсиетіңді бұзды, құрбандық үстелдеріңді қиратып, пайғамбарларыңды семсермен өлтірді» (3 Цар. 19:9–10), – деп жауап берді. Илия Исраил халқының шынайы Құдайға емес, жансыз Ваал пұтына табынып жатқанын бейжай қарай алмады. Ол Жаратушының даңқының қорлануына, қаңырап қалған храмға жаны күйзелді. Егер Иеміздің есімі дәріптелмесе, егер Оның еркі жер бетінде орындалмаса, өмір сүруді де қаламады. Өзінің Құдайдың даңқы үшін жанған қызғанышымен пайғамбар бізді әрдайым Иеміз Иса Мәсіхтің шынайы ізбасарлары болып, Оның қасиетті еркін бұлжытпай орындауға шақырады. Біз Құдай өсиеттерін міндетті түрде және мүлтіксіз орындауға дағдылануымыз керек. Өзімізде сондай рухани көңіл күйді тәрбиелеуіміз қажет, онда Құдайсыз біздің де, жақындарымыздың да өмірін елестету мүмкін болмайды», – деді митрополит Александр өз уағызында.
Құдайлық қызмет аяқталғаннан кейін Иоанно-Богословский храмының жанындағы рухани-мәдени орталықта Митрополиттік округтің басшысы Жетісу облысы әкімінің орынбасары Д.Р. Есдәулетовпен кездесті.
Кездесуге қатысқандар: Православие Шіркеуі тарапынан Астана епархиясының викарийлері – Талдықорған епископы Клавдиан мен Талғар епископы Вениамин; Қазақстан Митрополиялық округінің хатшысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ресейдің өнер қайраткері О.Н. Овчинников; «Eleos-Meirim» қоғамдық қорының президенті В.М. Капсамун; Алматы православие рухани семинариясының ректоры, Қазақстан Митрополиялық округінің ақпараттық-баспа бөлімінің жетекшісі протоиерей Евгений Иванов; митрополит хатшылығының жетекшісі иеромонах Прохор (Ендовицкий); Митрополиттік округ басшысының әкімшілік хатшылығының жетекшісі иерей Георгий Сидоров; митрополиттің хаттама қызметінің жетекшісі протодиакон Роман Головин, ал мемлекеттік органдар тарапынан Жетісу облысының дін істері басқармасының басшысы С.А. Жанабай.
Амандасудан кейін облыс әкімінің орынбасары митрополит Александрға сапары үшін алғысын айтып, өңірдің рухани өміріне көрсетіп отырған қамқорлығы үшін ризашылығын білдірді.
Диас Рахметұлы архипастырға өңірдің тыныс-тіршілігі мен еліміздегі ең жас облыстардың бірі саналатын Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтып берді. Бұл облыс Қазақстан Республикасының Президенті Қ.-Ж.К. Тоқаевтың 2022 жылғы 8 маусымдағы Жарлығымен құрылғаны атап өтілді. Сондай-ақ Қазақстанның және оның жекелеген өңірлерінің саяси әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы, қоғам өмірінің түрлі салаларын жетілдіру жөніндегі міндеттердің табысты орындалуы елдегі бейбітшілікті, тату көршілікті, конфессияаралық және ұлтаралық келісімді сақтауға тікелей байланысты екені айтылды.
Кездесуде Жетісу облысы әкімдігі мен Талдықорған викариаттығының өңірдегі рухани-адамгершілік ахуалды жақсарту және тарихи-мәдени мұраны сақтау бағытындағы ынтымақтастығына қатысты мәселелер де талқыланды.
Ізгі ниет жағдайында өткен кездесудің соңында митрополит Александр мен Д.Р. Есдәулетов бір-біріне зор денсаулық пен игі еңбектеріне табыс тіледі.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр