2 тамыз 2026 жыл. Талдықорған. Құдай пайғамбары Илияны еске алу күні Астана және Қазақстан митрополиті Александр Қасиетті Богородице-Рождественский құрметіне салынып жатқан кафедралды соборға арналған жаңадан жасалған күмбездер мен айқыштарды қасиетті ету рәсімін өткізді.
Қасиеттеу рәсімінде дұға еткендер: Астана епархиясының викарийлері – Талдықорған епископы Клавдиан және Талғар епископы Вениамин; Алматы православие рухани семинариясының ректоры, Қазақстан Митрополиттік округінің ақпараттық-баспа бөлімінің жетекшісі протоиерей Евгений Иванов; Алматыдағы Петропавл храмының кілтшісі протоиерей Кирилл Шкляр; Алматы қаласындағы қасиетті азап шегушілер қасиетті риясыз емшілер Косма мен Дамиан храмының басшысы иерей Андрей Шкляр; митрополит хатшылығының жетекшісі иеромонах Прохор (Ендовицкий); Митрополиттік округ басшысының әкімшілік хатшылығының жетекшісі иерей Георгий Сидоров; митрополиттің хаттама қызметінің жетекшісі протодиакон Роман Головин; сондай-ақ храмның жамағаты мен қайырымдылары.
Құлшылыққа Қазақстан Митрополиттік округінің хатшысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ресейдің өнер қайраткері О.Н. Овчинников; «Eleos-Meirim» қоғамдық қорының президенті В.М. Капсамун; құрылысқа жауапты мамандар мен «Eleos-Meirim» қоғамдық қорының қызметкерлері де қатысты.
Құдайлық қызметке қатысқандар: Жетісу облысы әкімінің орынбасары Д.Р. Есдәулетов пен Жетісу облысының дін істері басқармасының басшысы С.А. Жанабай.
Сенушілердің тағзым етіп, рухани күш-қуат алуы үшін Талдықорған викариаттығының болашақ бас храмының аумағына Православие әлемінің ұлы қасиетті жәдігері – Қасиетті Құдай Анасы Белбеуінің бір бөлігі салынған кеме жеткізілді.
Қасиеттеу рәсімі басталар алдында митрополит Александр жиналған қауымды Құдай пайғамбары Илияны еске алу күнімен құттықтап, православие христианының өміріндегі храмның маңызы туралы сөз сөйледі. Ол храм салудың қоғамның толыққанды өмір сүруі мен рухани дамуы, дәстүрлі адамгершілік құндылықтарды және халықтың тарихи жадын сақтау ісіндегі айрықша маңызын атап өтті.
«Апостолдар заманынан бастап бүгінгі күнге дейін Қасиетті Айқыш ағашы Інжіл ақиқатына шынайы сенетіндердің бәрі үшін ең терең қастерлеу мен тағзымның нысаны болып келеді. Екі мың жыл бұрын Құтқарушымыз Айқышта “біз адамдар үшін және біздің құтқарылуымыз үшін” Өз еркімен қорлыққа толы азапты өлімді қабылдап, “Өз өлімі арқылы өлімді жеңді”. Иеміздің қанымен боялып, Оның азаптарымен қасиеттелген Айқыш Жаратушының адамзатқа деген шексіз сүйіспеншілігінің жарқын белгісіне, күнә, қарғыс пен өлімді мәңгілік жеңудің нышанына айналды. Бүгін біз рухани мәні зор оқиғаның – қасиетті риясыз емшілер әрі ғажайып жасаушылар Косма мен Дамианның құрметіне салынып жатқан храмның төбесіне орнатылатын күмбездер мен айқыштарды қасиетті ету рәсімінің куәгерлері болып отырмыз. Бұл айқыштар Алматы қаласының соборлары мен храмдарының үстінде көтеріліп тұрған өзге айқыштармен бірге қаламызды, өлкемізді және елімізді Мәсіхтің рақымымен жарылқап, әртүрлі апаттар мен қиыншылықтардан қорғайды әрі баршаға Құдайдың адамзатқа деген шексіз сүйіспеншілігін еске салып тұрады. Бүгінгі оқиға – Талдықорған тұрғындарының көптен күткен жаңа храмды тұрғызу жөніндегі ауқымды жобаны жүзеге асырудағы маңызды кезең», – деді митрополит.
Қасиеттеу дұғалары оқылғаннан кейін Митрополитік округтің Басшысы күмбездер мен айқыштарға қасиетті суды септі.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр