2026 жылғы 7 тамыз – Ең Қасиетті Құдай анасы әділ Аннаның Успение мейрамы және Унженск пен Желтовод өңірлерінің ғажайып жасаушысы, қасиетті Макарийді еске алу күні.
Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александр Кострома облысының Макарьев қаласындағы, қасиетті Макарий Унженский негізін қалаған Қасиетті Үштік Макарьев-Унженск ерлер монастырінде өткен мерекелік салтанаттарға жетекшілік етті.
Қазақстан Митрополиялық округінің басшысына қызмет еткендер: Кострома митрополиясының басқарушысы, Кострома және Галич митрополиті Ферапонт, Галич және Макарьев епископы Алексий, Александров және Юрьев-Польский епископы Стефан; Қасиетті Үштік Макарьев-Унженск монастырының басқарушысы игумен Варфоломей (Коломацкий), Галич епархиялық басқармасының хатшысы игумен Афанасий (Гриценко), Макарьев округі шіркеулерінің благочинныйы протоиерей Алексий Огиевич, Кадыйск округі шіркеулерінің құрметті өкілі иерей Павел Мотовичев, Мантурово округі шіркеулерінің құрметті өкілі иерей Андрей Гуцул, монастырьдің қасиетті сандағы бауырластығы және Кострома митрополиясының дін қызметкерлері.
Құдайға құлшылық әндерін Кострома митрополиясы архиерейлік хорының шағын құрамы Н.В. Балуеваның жетекшілігімен орындады.
Храмда көптеген қажылармен бірге Қазақстан Митрополиттік округінің хатшысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы жанындағы Орыс шіркеулік ән өнерін дамыту жөніндегі шіркеулік-қоғамдық кеңестің мүшесі О.Н. Овчинников та дұға етті.
Мерекенің құрметті қонағы ретінде Макарьев муниципалдық округінің басшысы А.Н. Казвиров қатысты.
Қасиетті қауымдасу рәсімінің алдында уағызды иерей Павел Мотовичев айтты.
Құдайлық литургия аяқталған соң крест шеруі өтті. Шеру барысында архипастырьлар жиналған қауымға қасиетті су септі. Бұдан кейін қасиетті Макарий Унженскийдің қасиетті жәдігерлері қойылған рака алдында оған арналған мадақтау дұғасы орындалды.
Орыс Православие Шіркеуінің Басшысы, Мәскеу және бүкіл Русьтің Қасиетті Патриархы Кириллге және мерекеге қатысушылардың барлығына көпжылдық тілек айтылды.
Митрополит Ферапонт митрополит Александрды, мәртебелі архипастырьларды, монастырь наместнигін, бірге қызмет еткен дін қызметкерлерін, монастырь бауырластығын және осы күні монастырьге келіп, престолдық мерекенің қуанышын бөліскен барша жамағатты шын жүректен құттықтады.
Өз жауабында Қазақстан Митрополиттік округінің басшысы Кострома митрополиясының басқарушысына, архипастырьларға, дін қызметкерлеріне және Ұлы Құдай әулиесі қасиетті Макарийдің киелі жәдігерлері алдында Унжа өзенінің бойындағы көне Қасиетті Үштік монастырінде бірге дұға ету қуанышын сыйлаған сенушілерге алғысын білдірді.
Митрополит Александр мерекеге қатысушылармен 1993–1994 жылдары монастырьдің қайта жандануы және 1990 жылы Иваново облысының Юрьевец қаласындағы өлкетану музейінің қорынан преподобный Макарийдің қасиетті жәдігерлерінің табылуы туралы естеліктерімен бөлісті.
«Уненск және Желтовод өңірлерінің қасиеттісі Макарий – Орыс Православие шіркеуінің ұлы әулиелерінің бірі. Құдайға құлшылық ету кезінде орындалатын шіркеулік әндерде бұл ұлы тақуа әрі сенім шамшырағы: «Киелі Рухтың Құдай жаратқан қасиетті ыдысы, Орыс жерінің алтын нұрлы, бүкіл әлемге сәуле шашқан жарық жұлдызы» деп мадақталады. Қасиетті Макарий монахтық өмірін Нижний Новгород жеріндегі Вознесенский Печерск монастырінде осы қасиетті мекеннің игумені, кейіннен Суздаль әулиесі атанған қасиетті Дионисийдің рухани жетекшілігімен бастады. Ол өзінің Құдай даналығына кенелген ұстазынан дұға етуге үйреніп, кішіпейілділік пен ізгі өмір сүрудің тағылымын алды. Кейіннен қасиетті Макарийдің еңбегі мен дұғасының арқасында Нижний Новгород өлкесінде екі монастырь бой көтерді. Сабырлылығы, кішіпейілдігі, мейірімділігі және Құдай туралы терең ойға берілуі үшін Жаратқан Ие оған көрегендік пен ғажайыптар жасау, жан мен тәннің сырқаттарын сауықтыру дарындарын сыйлады. Оның өмірі Қасиетті Жазбаның: «Сендер – дүниенің нұрысыңдар. Тау басында тұрған қала жасырын қала алмайды» (Мф. 5:14–15) деген ақиқат сөзінің айқын көрінісі болды». Қасиетті Макарийге тағдыр ел басына ауыр күн туған кезеңде өмір сүруді нәсіп етті. Ол кезде Отаны жат жұрттың билігінде болып, өзара қырқыс салдарынан бауырлас халықтың қаны төгілді. Жауларының қудалауына ұшыраған тоқсан жастағы қария өз шәкірттерімен және рухани перзенттерімен бірге туған өлкесін тастап кетуге мәжбүр болды. Қиын да ұзақ сапардан кейін ол Унжа өзенінің жағасына келіп, сол жерде үшінші монастырьдің негізін қалады. Осылайша XV ғасырда Кострома жері Құдіреті Шексіз Құдай Тағының алдында араша түсетін жаңа дұғашы мен шапағатшыға ие болды. Өзі негізін қалаған Өмір Беруші Қасиетті Үштікке арналған монастырьде қасиетті өзінің мәңгілік тыныс табар орнын тапты. Жылнамашылардың куәлігіне қарағанда, оның қасиетті жәдігері қойылған ракаға өмір сыйлайтын қайнарға ағылғандай бүкіл Русьтен қажылар жинала бастады. Әулиеге тағзым етіп, оның Құдай рақымымен берілетін көмегіне ие болу үшін мұнда шаруалар мен көпестер, иерархтар мен билеушілер келетін. Православие халқы преподобный Макарийді тұтқындарды азат етуші әрі жәбір көргендердің қорғаушысы ретінде құрметтеді. Уақыт өте келе Унжа өзенінің бойындағы қарапайым монастырь Ресейдегі ең атақты монастырьлардың біріне айналып, «Қасиетті Макарий лаврасы» деп атала бастады. Өткен ғасырдағы революциялық дүрбелең елімізге бұрын-соңды болмаған ауыр сынақтар әкелді. Бұл қасірет қасиетті Макарийдің көне монастырін де айналып өткен жоқ. Монастырь Қасиетті Русьтегі көптеген храмдар мен монастырьлардың қайғылы тағдырын бөлісіп, жабылып, қорлауға ұшырады. Алайда Құдайдың рақымымен жауынгер атеизмнің бұғауы бұзылып, Унжадағы Қасиетті Үштік монастыры қайтадан қираған орнынан көтерілді. Мұнда монахтық дұғаның шырағы қайта жанды. Жаратқан Ие маған осы қасиетті істің бастамашысы әрі қатысушысы болудың игілікті мүмкіндігін сыйлады. 1994 жылы монастырь кешені толықтай Кострома епархиясының қарамағына берілді.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр