ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
08.08.2026, 15:00

Қазақстан Православие Шіркеуінің басшысы Ресейдің Кострома қаласының ежелгі Қасиетті Үштік Ипатий монастырінде Құдайлық Литургияны өткізді

Қазақстан Православие Шіркеуінің басшысы Ресейдің Кострома қаласының ежелгі Қасиетті Үштік Ипатий монастырінде Құдайлық Литургияны өткізді

2026 жылғы 8 тамыз – Елуінші күн мейрамынан кейінгі 10-аптаның сенбісі, Никомидиялық иерейлер – қасиетті шейіттер Ермолай, Ермипп және Ермократты еске алу күні.

Астана және Қазақстан митрополиті Александр Кострома және Нерехта митрополиті Ферапонт пен Кострома облысының губернаторы С.К. Ситниковтың шақыруымен Солтүстік Фиваиданың қасиетті орындарына қажылық жасап жүріп, Қасиетті Үштік Ипатий ерлер монастырінің басты храмында Құдайлық Литургияны өткізді. Бұл монастырь – Ресейдің рухани, тарихи және мәдени інжу-маржаны.

2005 жылы қайта жаңғыртылып жатқан қасиетті мекенге барған Ресей Президенті В.В. Путин естелік кітабына мынадай жазба қалдырған: «Ипатий монастыры Отан мен Православие тарихында айрықша орын алады. Оның қайта жаңғыруы Ресейдің де қайта өркендеуімен байланысты болады».

Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысына қызмет еткендер: Галич және Макарьев епископы Алексий, Ипатий монастырінің басқарушысы иеромонах Петр (Ерышалов), Кострома қаласындағы шіркеулердің басшылары және монастырьдің діни қызметтегі монахтары. Диакондар қатарын  Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, протодиакон Михаил Спельник басқарды.

Монастырь хоры Николай Мальцевтің жетекшілігімен ән шырқады.

Соборда дұға еткендер: Қазақстан Митрополиттік округінің хатшысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы жанындағы шіркеулік-қоғамдық кеңестің орыс шіркеулік ән айтуын дамыту жөніндегі мүшесі О.Н. Овчинников, монастырь бауырластығы, Кострома епархиялық басқармасының қызметкерлері, Кострома қаласындағы шіркеулердің приход мүшелері мен қажылық етушілер.

Құлшылық аяқталғаннан кейін Қазақстан Митрополиттік округінің басшысы епископ Алексийге, монастырь басқарушы әкейге, дін қызметкерлеріне, монахтарға және миряндарға жылы лебізін білдіріп, Ипатий монастырының ежелгі Үштік соборында ортақ дұға ету қуанышын сыйлағандары үшін баршаға шын жүректен алғысын жеткізіп,  уағыз айтты.

Одан әрі митрополит әмірші Қасиетті Үштік соборында сақталған қасиетті жәдігерлердің алдында дұға жасады.

Ипатий монастырында мынадай қасиетті жәдігерлер сақталған: Иеміздің Ризасының бір бөлігі салынған киелі сандық – Қасиетті Патриарх Филарет пен патша Михаил Феодорович Романовтың сыйы; аңыз бойынша жас боярин Михаил Романовқа оның бүкілресейлік патшалық таққа сайланғанын жеткізген, 1613 жылы Зем соборының елшілігі Костромаға алып келген Мәскеу митрополиті, әулие Петр жазған Ең Қасиетті Құдай Анасының Тихвин-Ипатий ғажайып иконасы; Гангра епископы, қасиетті шейіт Ипатийдің қасиетті жәдігерлерінің бір бөлігі; Юрьевецтік қасиетті Симонның бас сүйегінің бөлігі; Ипатий үйіндегі оққа ұшыраған бөлмеден алынған тас.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді