2026 жылғы 9 тамыз – Елуінші күн мейрамынан кейінгі 10-шы жексенбі, Ұлы шейіт әрі емші Пантелеймонды еске алу күні.
Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Астана епархиясының викарийі, Талғар епископы Вениамин Алматы қаласындағы Никольский кафедралды соборында Құдайлық Литургияны өткізді.
Жоғары мәртебеліге қызмет еткендеор: Оңтүстік астана приходтарының құрметті өкілі, Никольский соборының басшысы протоиерей Валерий Захаров; Никольск шіркеуінің клириктері протоиерей Владимир Волков және Алматы семинариясының тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры иерей Иоанн Ливинский; діни мектептің оқу жұмысы жөніндегі проректоры иерей Петр Бахтияров; Никольский соборының клиригі, Алматы рухани семинариясының шіркеулік-тәжірибелік кафедрасының меңгерушісі, Митрополиттік округтің ақпараттық-баспа бөлімінің қызметкері иерей Владислав Пашков; диакон Алексий Канушин және диакон Владимир Алферов.
Литургиялық әндерді О. Соломонова жетекшілік ететін Никольский соборының аралас хоры орындады.
Құдайға құлшылық ету кезінде дұға еткендер: Никольский соборының қайырымдылары мен приходшылары, сондай-ақ Алматы қаласы мен Алматы облысының шіркеулерінен келген қажылар.
Марқұмдар үшін оқылатын ектения кезінде Никольский соборын салушылар мен құлшылық ету өмірін қайта жаңғыртқан жандар, сондай-ақ өмірден өткен дін қызметкерлері мен шіркеу приходшылары еске алынды.
Литургия соңында Никольский соборында сақталған Ұлы шейіт Пантелеймонның иконасы мен қасиетті емшінің басының бір бөлігі салынған қасиетті сандықша алдында Ұлы шейіт Пантелеймонға мадақтау дұғасы жасалды.
Епископ Вениамин жиналған қауымды жексенбі күнімен және шіркеудің престолдық мерекесімен құттықтап, жиналғандарға жалдамалы ақы алмай емшілік қызмет атқарған Ұлы шейіт Пантелеймонның өмірі мен азапты ерлігі туралы уағыз айтты.
Иерарх діндарларды қасиетті сумен бүркіп, бата берді.
Құлшылық аяқталғаннан кейін Жоғары Мәртебелі иерей Петр Бахтияровты діни қызметке тағайындалғанына бір жыл толуымен құттықтап, Қасиетті Шіркеуге алдағы қызметінде Құдайдың рақымы болуын тіледі.
Мерекелік құлшылықтың бейнетүсірілімін Қазақстан Митрополиялық округінің «Семиречье» телестудиясы (директоры – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері В.Л. Посаднева) және «Eleos-Meirim» қорының қызметкерлері (президенті – В.М. Капсамун) жүзеге асырды.
Серафимо-Феогностов атындағы ерлер монастырінде көктегі қамқоршыларының қасиетті жәдігерлеріне арналған жаңадан жасалған рака орнатылды
Толығырақ
Алматыда Ұлы шейіт әрі емші Пантелеймонның еске алу күні дұға бағышталып атап өтілді
Толығырақ
Ұлытау облысының әкімі Е.Б. Байкенмен Қарағанды және Шахтинск архиепископы Севастианның Сәтбаев архиепископы Ипатийиен кездесуі өтті
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр