10 тамыз 2026 жыл. Алматы облысы. Қазақстанның көктегі қамқоршылары – Христос үшін азап шеккен Ақсай монастыріндегі иеромонахтар Серафим (Богословский) мен Феогностың (Пивоваров) шейіт болған күнін мерекелеу қарсаңында олардың қасиетті жәдігерлерін сақтау үшін Серафимо-Феогностов ерлер монастыріне жаңа рака (қабірхана) жеткізілді.
Биыл Қазақстан Православие Шіркеуі Ақсай азапкерлерінің қасиетті жәдігерлерінің табылғанына 25 жыл толуын атап өтуде. Осы айтулы күнге орай, Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен, «Eleos-Meirim» қоғамдық қорының (президенті – В.М. Капсамун) қолдауымен қасиетті шейіттер Серафим мен Феогностың жәдігерлерін сақтауға арналған жаңа рака жасалды.
Жаңа қабірхана табиғи емен ағашынан жасалып, асыл металдармен безендірілген. Ол Ұлы шейіт Феодор Стратилат атындағы епархиялық ағаш шеберханасында Л.К. Рябовтың жетекшілігімен, Митрополиялық округ Басшысының әкімшілік хатшылығы жетекшісі, иерей Георгий Сидоровтың эскиздері бойынша әзірленді. Қазіргі уақытта шеберханада ракаға арналған сень жасау жұмыстары жалғасуда.
Жаңадан жасалған қасиетті сандықшаны мереке күні – 11 тамызда, Серафимо-Феогностов скитінде Құдайлық Литургия басталар алдында, Астана және Қазақстан митрополиті Александр қасиетті етеді.
Серафимо-Феогностов атындағы ерлер монастырінде көктегі қамқоршыларының қасиетті жәдігерлеріне арналған жаңадан жасалған рака орнатылды
Толығырақ
Алматыда Ұлы шейіт әрі емші Пантелеймонның еске алу күні дұға бағышталып атап өтілді
Толығырақ
Ұлытау облысының әкімі Е.Б. Байкенмен Қарағанды және Шахтинск архиепископы Севастианның Сәтбаев архиепископы Ипатийиен кездесуі өтті
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр