ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
11.08.2026, 17:00

Серафимо-Феогностов атындағы ерлер монастырінде Алматының қасиетті шейіттері Серафим мен Феогносттың қасиетті жәдігерлерінің табылғанына 25 жыл толуына орай рухани салтанатты шаралар өтті

Серафимо-Феогностов атындағы ерлер монастырінде Алматының қасиетті шейіттері Серафим мен Феогносттың қасиетті жәдігерлерінің табылғанына 25 жыл толуына орай рухани салтанатты шаралар өтті

2026 жылғы 11 тамыз – Алматы қаласы мен күллі Қазақстанның көктегі қамқоршылары – Ақсайлық қасиетті азапкерлері Серафим мен Феогностты еске алу күні.

Астана және Қазақстан митрополиті Александр Ақсай шатқалындағы Серафим-Феогност атындағы ерлер монастырінде – Мәсіх жолындағы азап шеккендердің монастырлық ерлік жолын өткерген және шейіт болған жерінде Құдайлық Литургияны басқарды.

Құлшылық басталар алдында Митрополиттік округтің Басшысы обительдегі қасиетті азапкерлер Серафим мен Феогносттың атына арналған храмға барып, онда Құдайдың қасиетті құлдарының қасиетті жәдігерлеріне арналған жаңадан жасалған раканы қасиеттеу рәсімін атқарды. Жаңа рака табиғи емен ағашынан жасалып, асыл металдармен безендірілген. Ол ұлы шейіт Феодор Стратилат атындағы епархиялық ағаш шеберханасында Л.К. Рябовтың жетекшілігімен, Митрополиттік округ Басшысының әкімшілік хатшылығының жетекшісі иерей Георгий Сидоровтың эскиздері бойынша әзірленді.

Қасиеттеу рәсімі аяқталғаннан кейін Ақсайлық азап шеккендердің қасиетті жәдігерлері жаңадан жасалған ракаға орналастырылып, содан соң салтанатты құлшылық басталды.

Ақсайлық шейіттердің жерленген орнында атқарылған Литургия барысында Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысына қызмет еткендер: Астана епархиясының викарийлері – Талдықорған епископы Клавдиан және Талғар епископы Вениамин; Алматы епархиясының рухани жетекшісі архимандрит Иоанн (Сазонов); Серафим-Феогност обительінің басшысы игумен Трифон (Печковский); Спасо-Силуан Есік монастырінің басшысы игумен Назарий (Марков); Вознесенский кафедралды соборының кілтшісі, Митрополиттік округтің қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі протоиерей Александр Суворов; Іле шіркеу округінің құрметті өкілі протоиерей Александр Зырянов; Гүлдала кентіндегі Иоанн Предтеча шіркеуінің басшысы протоиерей Георгий Харлов; Чапаево кентіндегі Серафим шіркеуінің басшысы протоиерей Александр Агеев; Қонаев қаласындағы Ксения приходының басшысы иеромонах Пимен (Ткаченко); Богоявление храмының басшысы протоиерей Валерий Шаврин; Митрополиттік округ Басшысының хатшысы иеромонах Димитрий (Байдек); протоиерей Александр Соколов; игумен Алексий (Несмеев); Қостанай епархиясы хатшысының м.а.иеромонах Геннадий (Бурдюжа); митрополит хатшылығының жетекшісі иеромонах Прохор (Ендовицкий); Митрополиттік округ Басшысының әкімшілік хатшылығының жетекшісі иерей Георгий Сидоров; Алматыдағы Қазан соборының басшысы иерей Георгий Рублинский; Талғар шіркеу округі құрметті өкілінің м.а., Талғар қаласындағы Никольский храмының басшысы иерей Кирилл Фрейганг; иерей Максим Идрисов; иеромонах Паисий (Тишенков); иеромонах Евлогий (Щербак); митрополиттің протокол қызметінің жетекшісі протодиакон Роман Головин; иеродиакон Афанасий (Козел); диакон Рустик Якупов; диакон Георгий Ткаченко.

Рухани маңызы зор осы күнге және монастырьдің тақ мерекесіне арналған салтанатты шараларға, теңіз деңгейінен 1850 метр биіктікте, Іле Алатауының тауларында орналасқан скитке көтерілу қиындықтарына қарамастан, көптеген қажылар жиналды.

Құлшылық кезінде дұға еткендер: Алматы епархиялық басқармасының қызметкерлері, Митрополиттік округтің жастар клубтарының тәрбиеленушілері, қазақстандық БАҚ пен шығармашылық зиялы қауым өкілдері, казактар, Қазақстан епархияларынан келген діндарлар, сондай-ақ Ресейден, Өзбекстаннан және Қырғызстаннан келген қажылар.

Литургия әндерін диакон Александр Пивень басқаратын Алматы епархиясының ерлер хоры орындады.

Марқұмдарды еске алу ектениясы кезінде Қазақстанда марқұм болған иерархтар мен дін қызметкерлері үшін, сондай-ақ «құдайсыздық қуғын-сүргіні жылдарында жазықсыз азап шегіп қаза тапқандардың, аштықтан, суықтан, жарақаттан, аурудан және ауыр еңбек салдарынан қайтыс болғандардың» барлығы үшін ерекше дұғалар көтерілді. Сондай-ақ 2012 жылы Ақсай шатқалында жазықсыз өлтірілген православ христиандар да еске алынды.

Қасиетті өлеңнен кейін иерей Георгий Сидоров Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың Алматыдағы қасиетті шейіттер Серафим мен Феогносттың қасиетті жәдігерлеріне табылғанына 25 жыл және Ақсай шөлінің қайта жаңғырғанына 30 жыл толуына орай жолдаған үндеуін оқып жариялады.

Литургия соңында Ақсайлық Мәсіх үшін азап шеккендерге арналған мадақтау рәсімі өтті – дін қызметкерлері, хор және діндарлар қасиеттілерге арналған тропарьді, кондакты және ұлықтау жырын орындады.

Митрополиттік округтің Басшысы архипастырларды, монастыр басқаоушысын, бірге қызмет еткен дін қызметкерлерін, монахтарды, приходшылар мен қажыларды Алматыдағы қасиетті шейіттер Серафим мен Феогносттың қасиетті жәдігерлерігің табылғанына 25 жыл және Ақсай монастырінің қайта жаңғырғанына 30 жыл толуымен шын жүректен құттықтады.

Құлшылық аяқталғаннан кейін митрополит архипастырлық уағызын айтып, христиандық шейіт болудың мәні туралы сөз қозғады және Ақсай монастыріне қажылық ету дәстүрін үзбей, бұл Құдайға ұнамды іске барған сайын көбірек православ діндарларды тартуға шақырды.

Митрополиттік құлшылықтың бейнетүсірілімін Қазақстан Митрополиялық округінің «Семиречье» телестудиясы (директоры – мәдениет саласының еңбек сіңірген қызметкері В.Л. Посаднева) жүргізді; фототүсірілімді ақпарат бөлімінің қызметкері А. Халин жүзеге асырды.

Жоғары мәртебелі архипастыры діндарларға қасиетті сумен бүркіп, батасын берді.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді