ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
15.08.2026, 15:00

Бірінші шейіт архидиакон Стефанды еске алу күні Митрополитің округтің Басшысы Павлодардағы Михаило-Архангельск шіркеуінде Литургивны өткзді

Бірінші шейіт архидиакон Стефанды еске алу күні Митрополитің округтің Басшысы Павлодардағы Михаило-Архангельск шіркеуінде Литургивны өткзді

15 тамыз 2026 жылы – бірінші шейіт апостол Стефанның қасиетті жәдігерлерін көшіру мерекесі.

Астана және Қазақстан митрополиті Александр Павлодар қаласындағы Архангел Михаил храмында Құдайлық Литургияны басқарды.

Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысына қызмет еткендер: Өскемен және Семей архиепископы Амфилохий; әулиелерді заңдастыру жөніндегі епархиялық бөлімнің басшысы архимандрит Иосиф (Еременко); Екібастұз шіркеу округінің құрметті өкілі, Екібастұз қаласындағы Иверско-Серафимовск соборының басшысы протоиерей Игорь Попов; Павлодардағы Христорождественский соборының кілтшісі протоиерей Константин Кутасевич; Митрополиттік округ басшысының жеке хатшысы иеромонах Димитрий (Байдек); Павлодар епархиясының хатшысы, Павлодар шіркеу округінің құрметті өкілі протоиерей Алексий Степанов; Митрополиттік округ басшысының әкімшілік хатшылығының жетекшісі иерей Георгий Сидоров; Павлодар қаласындағы Архангел Михаил храмының дін қызметкері иерей Владимир Брюханов. Диакондар тобын митрополиттің хаттама қызметінің жетекшісі протодиакон Роман Головин басқарды.

Храмға діндарлардың дұға етіп тағзым етуі және рухани нығаюы үшін Иеміз Иса Мәсіхтің айқышқа шегеленуінің қасиетті бейнесі – ұлы Інжілдік қасиетті жәдігер, Өмір Беруші Крест ағашының бөлшегі бар икона, сондай-ақ қасиетті архидиакон Стефанның жәдігерлерінің бір бөлігі салынған сандықша және Христос жолындағы азап шегушінің шейіт болған жерінен алынған тас әкелінді.

Құлшылықта дұға еткендер: Қазақстан Митрополиттік округінің хатшысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері О.Н. Овчинников; Павлодар қаласындағы Петропавл әйелдер монастырының басшысы монахиня Серафима (Болибок) монастырь әпкелерімен бірге; казактар қауымы, жексенбілік мектептердің тәрбиеленушілері, Павлодар қаласы храмдарының приходшылары және жақын елді мекендерден келген қажылар.

Литургиялық әндерді Елена Юсупжанованың жетекшілігімен Благовещенск кафедралды соборының хоры орындады.

Қасиетті өлеңнен кейін иерей Георгий Сидоров Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың Успен оразасының басталуына орай жасаған үндеуін оқып берді.

Литургия Иеміздің Кресі мен бірінші шейіт, архидиакон Стефанның қасиетті жәдігерлері алдында мадақтау рәсімімен аяқталды. Осыдан кейін Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы жамағатты Успен оразасының басталуымен құттықтап, уағызын айтты.

Митрополит Александр жиналған қауымға қасиетті су бүркіді.

«Қасиетті Жазба мен Православие Шіркеуінің Қасиетті Дәстүрі бізге қасиетті бірінші шейіт архидиакон Стефанның өмірі мен азаппен аяқталған өлімі туралы аса құнды куәліктерді жеткізді. Жетпіс апостолдың бірі, бірінші шейіт әрі архидиакон Стефан қасиетті апостолдардың өздері тағайындаған жеті диаконның үлкені болған. Сондықтан ол архидиакон деп аталады. Қасиетті Стефан Киелі Рухқа толы болып, Інжілді батыл уағыздады және өз сөздерінің ақиқаттығын белгілер мен кереметтер арқылы бекітіп отырды. Оның уағызының табысты болуы соншалық, бұл адамзат баласының жауы – шайтанның оған деген өшпенділігін қоздырды. Зұлымдық рухы адамдардың санасын тұмшалап, Мәсіх пен Оның Шіркеуін қудалаушылар қасиетті Стефанды ұстап алып, Иерусалимнің сыртына, Иосафат аңғарына алып барды. Сол жерде оны таспен атып өлтірді. Ал алыста, Зәйтүн тауында, тас үстінде Құдайдың Пәк Анасы қасиетті апостол Иоанн Богословпен бірге тұрды. Стефанның шейіттік өлімін көріп, Ол Өз Ұлы – Иеміз Иса Мәсіхтен шейітке сабыр беріп, оның жанын бейбітшілікпен қабыл алуын жалбарына сұрап дұға етті. Үстіне жауған тасқа қарамастан, Стефан көктен өзінің өлімін көріп тұрған Иемізді көрді. Қатты азап шегіп, денесі қанға боялған қасиетті архидиакон: «Иеміз Иса! Рухымды қабыл ала гөр!» (Деян.7:59), – деп дұға етті. Содан кейін тізе бүгіп, өзін өлтірушілер үшін соңғы дұғасын: «Ием! Бұл күнәні олардың мойнына жүктей көрме!» (Деян.7:60) деп дауыстап айтты».

Қасиетті архидиакон Стефанға дейін Мәсіхке куәлік етіп, өз қанын төккен ешкім болған жоқ. Ал одан кейін тарихта оның ізін жалғастырған сансыз ізбасарлар – азап шегушілер, сенімін мойындаушылар мен шейіттер пайда болды. Апостолдық сөз бізге Құдайдың ең ұлы сыйы – Мәсіхке сену ғана емес, Ол үшін азап шегу екенін үйретеді. Қасиетті бірінші шейіт Стефаннан бері зұлымдыққа батқан дүниенің тарапынан Мәсіх Шіркеуіне талай рет қуғын-сүргін жасалды. Бұл туралы Құтқарушының Өзі: «Мені қудалады, сендерді де қудалайды» (Ин. 15:20), – деген.

ХХ ғасырда Православие шіркеуі аса қатал қуғын-сүргінге ұшырады. Қазақстан жері бүгінде қасиетті дұға етушілер мен қолдаушыларымыз болып табылатын жаңа шейіттер мен сенімін мойындаушылардың қанымен молынан суарылды. Бүгінде «тастарды жинайтын уақыт» келді (Еккл. 3:5). Біз ата-бабаларымыздың Құдайдан безінуі үшін тәубе ету, жер мен Көктің, адамның Құдаймен қайта табысуының белгісі ретінде Қазақстан жерінде қираған қасиетті орындардың қалпына келтіріліп, жаңа әрі көркем Құдай храмдарының салынып жатқандығының куәсіміз. Бұл храмдарда «бәрі үшін және барлығы үшін» қансыз құрбандық шалынып, жанымыздың құтқарылуы, бүкіл әлемнің тыныштығы және Құдай қорғауындағы еліміз үшін дұға Құдай тағының алдына көтеріледі.

Бүгінде сенім үшін қуғын-сүргін жоқ. Алайда әрбір христианға өзін және жақындарын күнә мен жаман әдеттердің зиянды ықпалынан қорғау үшін мол сүйіспеншілік пен сабыр қажет. Осы рухани күреске қажетті рақымға толы күшті біз қасиетті әрі әділ жандармен, Құдайдың әулиелерімен, Мәсіх үшін ежелгі және жаңа заманда азап шеккен шейіттермен рухани бірліктен аламыз». Митрополит Александрдың уағызынан.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді