ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
17.08.2026, 19:00

Ефестің жеті ұйықтаушы әулиесін еске алу күні митрополит Александр Семейдегі Знаменско-Абалацк әйелдер монастырында Литургияны өткізді

Ефестің жеті ұйықтаушы әулиесін еске алу күні митрополит Александр  Семейдегі Знаменско-Абалацк әйелдер монастырында Литургияны өткізді

2026 жылғы 17 тамыз – Ефестің жеті ұлы: Максимилиан, Иамвлих, Мартиниан, Иоанн, Дионисий, Ексакустодиан және Антонинді еске алу күні.

Астана және Қазақстан митрополиті Александр Семей қаласындағы аттас әйелдер монастырының Құдай Анасының «Знамение-Абалацкая» иконасына арналған храмында Құдайлық Литургияны өткізді.

Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысына қызмет еткендер: Өскемен және Семей архиепископы Амфилохий; Митрополиттік округі Басшысының жеке хатшысы иеромонах Димитрий (Байдек); Семей шіркеу округінің құрметті өкілі протоиерей Роман Сычук; иеромонах Агапит (Никонов); Митрополиттік округі Басшысының әкімшілік хатшылығының жетекшісі иерей Георгий Сидоров; митрополиттің хаттама қызметінің жетекшісі протодиакон Роман Головин, протодиакон Андрей Дудник; Өскемен епархиясының хатшысы диакон Илия Кван.

Храмға діндарлардың дұға етуі мен рухани нығаюы үшін Иса Мәсіхтің айқышқа шегелену бейнеленген, ұлы Інжілдік қасиетті жәдігер – Өмір Беруші Крест Ағашының бөлшегі бар икона әкелінді.

Құлшылық кезінде дұға еткендер: Қазақстан Митрополиттік округінің хатшысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері О.Н. Овчинников; Семей қаласындағы Петропавл Знаменско-Абалацк  әйелдер монастырының игумениясы Марионилла әпкелерімен бірге; Семей қаласындағы шіркеулердің приходшылары.

Құдайлық Литургияның әндерін Воскресенский кафедралды соборының хоры регент Ю. Хохрякованың жетекшілігімен орындады.

Қасиетті өлеңнен кейін уағызды иеромонах Димитрий (Байдек) оқыды.

Литургия Иеміздің Кресі алдында мадақтау рәсімімен аяқталды. Одан кейін Митрополиттік округінің Басшысы насихат сөзін айтты.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді