2026 жылғы 19 тамыз — Иеміз Құдай әрі Құтқарушымыз Иса Мәсіхтің Ұлы он екі мерекесінің бірі — Құбылу мерекесі.
Астана және Қазақстан митрополит Александр Алматы қаласындағы Вознесенский кафедралды соборында Құдайлық Литургияны басқарды.
Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысына қызмет еткендер: Оңтүстік астана шіркеулерінің құрметті өкілі, Әулие Николай соборының басшысы протоиерей Валерий Захаров; Алматы қаласындағы Құдай Анасының «Қайғығырғандардың бәрінің қуанышы» иконасы құрметіне арналған шіркеудің басқарушысы протоиерей Евгений Воробьев; Қазақстан Митрополиттік округінің қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімінің жетекшісі, Вознесенский кафедралды соборының кілтшісі протоиерей Александр Суворов; Алматы православие рухани семинариясының ректоры, Қазақстан Митрополиттік округінің ақпараттық-баспа бөлімінің жетекшісі протоиерей Евгений Иванов; Пинск епархиясының хатшысы протоиерей Константин Балакай (Беларусь экзархаты); Митрополиттік округі Басшысының жеке хатшысы иеромонах Димитрий (Байдек); митрополиттің жеке хатшылығының жетекшісі иеромонах Прохор (Ендовицкий); Митрополиттік округі Басшысының әкімшілік хатшылығының жетекшісі иерей Георгий Сидоров; Алматыдағы Қазан соборының басқарушысы иерей Георгий Рублинский; протодиакон Николай Гринкевич, митрополиттің хаттама қызметінің жетекшісі протодиакон Роман Головин, протодиакон Владимир Сыровацкий, диакон Виталий Быструшкин, диакон Александр Пивень, диакон Иоанн Жучков, диакон Георгий Ткаченко, диакон Даниил Пасюк, диакон Иосиф Лопатин, диакон Александр Гончаров.
Қглшылық кезінде дұға еткендер: Алматы епархиялық басқармасының қызметкерлері мен көптеген шіркеу қауымы мүшелері.
Әндерді Митрополиттік округінің хоры орындады (регенті — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері О.Н. Овчинников, хормейстер — В. Дударева).
Қасиеттіөлеңнен кейінгі уағызды протоиерей Евгений Иванов оқыды.
Литургия соңында шіркеу Жарғысына сәйкес жаңа өнімнен жиналған жүзім, сондай-ақ осы уақытқа қарай піскен түрлі жемістерге қасиетті су себіліп, қасиетті етілді.
Дін қызметкерлері мен хор мерекенің тропарын, кондағын және ұлықтау әнін орындады. Архипастырь қасиелеу дұғаларын оқып, жаңа піскен жемістер мен дұға етіп тұрған қауымға қасиетті суды септі.
Жоғары мәртебелі діни қызметкерлер мен діндар қауымды Иеміздің Құбылу мерекесімен құттықтап, жиналғандарға уағызын айтты.
Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы Алматы рухани семинариясының ректоры протоиерей Евгений Ивановты діни қызметке тағайындалғанына 20 жыл толуымен құттықтап, атқарған еңбегі үшін алғыс білдірді және одан әрі Қасиетті Шіркеуге қызмет ету жолында рухани әрі тән күш-қуат пен Құдайдың мейірімін тіледі. Иерарх рухани естелік ретінде пастырға әшекейленген кеуде крестін сыйлады.
Литургияның тікелей трансляциясы «Прообраз» YouTube арнасында жүргізілді.
Құдайлық қызметтің бейнетүсірілімін Қазақстан Митрополиттік округінің «Семиречье» телестудиясы жүзеге асырды (директоры — мәдениет саласының еңбек сіңірген қызметкері В.Л. Посаднева, операторы — А. Шмидт); фототүсірілімді Митрополиттік округінің ақпараттық бөлімінің қызметкері А. Щеглов жүргізді.
«Иеміз Иса Мәсіхке немесе Оның Пәк Анасына арналған әрбір Ұлы он екі мереке біз үшін рухани өмірдің жаңа бір парағын ашады. Терең мазмұнды әрі жүрекке әсер ететін мерекелік құлшылықтар барысында Құдаймен шынайы жүздесуіміз жүзеге асып, адам болмысының жаңаруы орын алады. Қасиетті Жазбаның сөздерінен тәлім алып, қасиетті әкелер даналығының шыңдалған алтынын бойына сіңірген құлшылық мәтіндерінен рухтанған христиан сынақтарда нығая түсіп, ізгі істер жасауға күш-қуат алады.
Иеміздің елшілердің жүрегі мен санасын нұрландырған Құбылуы бізді де адамгершілік тұрғыдан өзгеруге және рухани жаңаруға жетелейді. Фавор тауында Құдайдың ұлылығының көрінуі барша адамзатқа «Құдай бәрінде баршаға айналатын» (1 Кор. 15:28) және «әділдер өздерінің Әкесі Патшалығында күн сияқты жарқырайтын» (Мф. 13:43) келешектегі мәңгілік Көк Патшалықтың өшпес ұлылығын еске салады. Құбылудың жарқын күнінде бізді қоршаған
Иеміздің Құбылуы. Митрополиттік округінің Басшысы Оңтүстік астананың Вознесенский кафедралды соборында Литургияны өткізді
Толығырақ
Иеміздің Құбылу мерекесі қарсаңында митрополит Александр Алматының басты храмында түні бойы құлшылық еткізді
Толығырақ
Ефестің жеті ұйықтаушы әулиесін еске алу күні митрополит Александр Семейдегі Знаменско-Абалацк әйелдер монастырында Литургияны өткізді
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр