21 тамыз 2026 жыл – Иеміздің Қүбылу мейрамынан кейінгі күн, Толгск Құдай Анасы иконасын құрметтеу мерекесі және Кострома архиепископы, қасиетті шейіт Никодимді еске алу күні.
Астана және Қазақстан митрополиті Александр Алматы қаласындағы митрополит резиденциясының Иверско-Серафимовский үй храмында Құдайлық Литургияны өткізді.
Архипастырға қызмет еткендер: Иверско-Серафимовский әйелдер монастырының София соборы кілтшісі протоиерей Александр Соколов; Ақжар шағынауданындағы Құдай Анасы Рождествосы шіркеуінің басқарушысы иеромонах Алексий (Черевцов); София соборының дін қызметкері иеродиакон Афанасий (Козел) және Вознесенск кафедралық соборының дін қызметкері диакон Георгий Ткаченко.
Әндерді Алматы епархиясының диаконы Александр Пивняның жетекшілігімен ерлер хоры орындады.
Құлшылықта дұға еткендер: Қазақстан Митрополиттік округінің хатшысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері О.Н. Овчинников Алма-Ата епархиялық басқармасының қызметкерлерімен бірге; Митрополиттік округ Басшысының әкімшілік хатшылығының жетекшісі иерей Георгий Сидоров; «Eleos-Meirim» қоғамдық қорының президенті В.М. Капсамун.
Литургия Иеміздің Өзгеріп құбылуын, Толгск Құдай Анасы иконасын және Костромалық әулие шейіт Никодимді мадақтаумен аяқталды. Одан кейін митрополит Александр құлшылыққа қатысушыларға қысқаша рухани өсиетін айтты.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр