ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
22.08.2026, 16:00

Апостол Матфийді еске алу күні митрополит Александр Алматы қаласындағы Благовещение храмында Литургияны өткізді

Апостол Матфийді еске алу күні митрополит Александр Алматы қаласындағы Благовещение храмында Литургияны өткізді

2026 жылғы 22 тамыз – Иеміздің Өзгеріп түрленуінен кейінгі мерекелік күн, апостол Матфийді, Соловки және Валаам әулиелерін еске алу күні.

Астана және Қазақстан митрополиті Александр Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының Ядролық физика институты орналасқан Алматы қаласының Алатау шағынауданындағы Ең Қасиетті Құдай Анасының Благовещение құрметіне арналған храмда Құдайлық Литургияны басқарды.

Митрополиялық округ Басшысына қызмет еткендер: Астана епархиясының викарийлері – Талдықорған епископы Клавдиан және Талғар епископы Вениамин; Оңтүстік астана храмдарының құрметті өкілі, Никольский соборының басқарушысы протоиерей Валерий Захаров; Алматыдағы Құдай Анасының «Барлық қайғырушылардың Қуанышы» иконасының құрметіне арналған храмның басқарушысы протоиерей Евгений Воробьев; Ұзынағаш шіркеулік құрметті өкілдігінің өкілі, Ұзынағаш ауылындағы Қазан иконасы храмының басқарушысы протоиерей Геннадий Кадников; Гүлдала кентіндегі Иоанн Предтеча шіркеуінің басқарушысы протоиерей Георгий Харлов; Бәйтерек кентіндегі Алексеев шіркеуінің басқарушысы протоиерей Анатолий Бойко; Митрополиялық округ Басшысы әкімшілік хатшылығының жетекшісі иерей Георгий Сидоров; Саймасай (Александровка) ауылындағы Александр Невский шіркеуінің басқарушысы иерей Роман Клюев; иерей Николай Матлашов; Талғар шіркеулік округі құрметті өкілдің м.а.,Талғар қаласындағы Никольский храмының басқарушысы иерей Кирилл Фрейганг; протодиакон Николай Гринкевич; иеродиакон Афанасий (Козел); диакон Рустик Якупов және диакон Георгий Ткаченко.

Құлшылықта дұға еткендер: Қазақстан Митрополиттік округінің хатшысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері О.Н. Овчинников; «Eleos-Meirim» қоғамдық қорының президенті В.М. Капсамун; Алатау шағынауданының православие дінін ұстанатын тұрғындары мен жақын маңдағы елді мекендерден келген сенушілер.

Благовещение храмы хоры Ксения Бочарованың жетекшілігімен ән шырқады.

Қасиетті өлеңнен кейінгі уағызды иерей Кирилл Фрейганг айтты.

Құлшылық Иеміздің Өзгеруін мадақтаумен аяқталды. Осыдан кейін Жоғары мәртебелі митрополит жиналған қауымға тағылымды сөзін сөйледі.

Митрополиттік округ Басшысы сенушілерге қасиетті суды бүркіді.

«Құдай Анасына арналған ораза бізге үйрететін көптеген рухани тағылымдардың бірі – отбасындағы татулықты сақтауға қамқорлық жасау, ерлі-зайыптылардың, балалар мен ата-аналардың арасындағы сүйіспеншілікті нығайту. Қоғамдағы келіспеушіліктер мен алауыздықтар, кейде бауырластар арасындағы қақтығысқа ұласып жататыны баршамызды алаңдатады. Әрқайсымыз бейбіт аспанның әрдайым өзіміз бен балаларымыздың төбесінде болуын шын жүректен қалаймыз. Алайда өзіміз өмір сүріп жатқан жерде, елімізде және күллі жер жүзінде «тыныш әрі бейбіт өмір» әрбір жеке отбасындағы татулық пен тыныштықтан басталатынын есте ұстау маңызды. Қасиетті Успение оразасының күндерінде ең алдымен туған-туыстарымызбен және жақындарымызбен қарым-қатынасымызды түзетуге, ескі реніштерді кешіруге, немқұрайлылықты жоюға, ұрыс-керісті, қызғаныш пен ашушаңдықты алыстатуға тырысайық. Берік христиан отбасы – кішігірім Шіркеу ғана емес, сонымен қатар айналасындағыларға төгілетін Құдайдың игіліктерінің қайнар көзі әрі Інжілді уағыздаудың тамаша жолы. Иеміз: «Егер өзара сүйіспеншілікте болсаңдар, барлық адам сендердің Менің шәкірттерім екендеріңді осыдан біледі» (Ин. 13:35), – дейді. Әділ протоиерей Кронштадтық Иоанн: «Егер өзара сүйіспеншілікте өмір сүрсеңдер, Құдайдың рақымына ие боласыңдар – Құдай сендердің бойларыңа қоныстанып, барлық бастамаларың мен істеріңе берекелі табыс сыйлайды. Өйткені сүйіспеншілік бар жерде Құдай бар, ал Құдай бар жерде барлық игілік бар», – деп үйретті. Жақындарға деген кеңпейілділік пен сүйіспеншілікті тәрбиелеу, сабыр мен түсіністікке ие болу – ақыл-ойымызбен, сезімдерімізбен, ерік-жігерімізбен, мінезімізбен және әдеттерімізбен жан-жақты жұмыс істеуді талап ететін үлкен еңбек екені сөзсіз. Құтқарушы бізге: «Менсіз ештеңе істей алмайсыңдар» (Ин. 15:5), – деп ескертеді. Сондықтан кез келген ісімізді, ең алдымен өз жанымызды жаңартуды Иеміз Иса Мәсіхтің көмегін шақыра отырып, Оның Ең Таза Анасының шапағатына және әулиелердің дұғалық арашашылығына жүгініп атқаруымыз қажет».

Митрополит Александрдың уағызынан.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді