ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
24.08.2026, 12:00

Ұзынағаш ауылындағы Қазан храмының басқарушысы протоиерей Геннадий Кадников қасиетті Сергий Радонежский орденімен марапатталды

Ұзынағаш ауылындағы Қазан храмының басқарушысы протоиерей Геннадий Кадников қасиетті Сергий Радонежский орденімен марапатталды

22 тамыз 2026 жыл. Алматы. Қазақстан Митрополиттік округінің әулие Иосиф (Чернов) атындағы рухани-мәдени және әкімшілік орталығының камин залында Астана және Қазақстан митрополиті Александр протоиерей Геннадий Кадниковты пресвитерлік қызметінің 45 жылдығымен және 75 жасқа толуына байланысты құттықтады.

Марапаттау рәсіміне қатысқандар: Қазақстан Митрополиттік округінің хатшысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ресей Федерациясының өнер қайраткері О.Н. Овчинников; Алматы православиелік діни семинариясының ректоры, Қазақстан Митрополиттік округінің ақпараттық-баспа бөлімінің жетекшісі протоиерей Евгений Иванов; митрополит хатшылығының жетекшісі иеромонах Прохор (Ендовицкий) және епархиялық басқарманың қызметкерлері.

Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы Геннадий әкеге  II дәрежелі қасиетті Сергий Радонежский орденін табыс етті. Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кирилл Ұзынағаш ауылындағы Қазан храмының басқарушысы протоиерей Геннадий Кадниковты Қасиетті Шіркеудің игілігі жолындағы ыждағатты еңбегі және мерейтойлық күндерге байланысты жоғары марапатқа лайық деп таныды.

Патриархтық орденді табыс ете отырып, митрополит Александр, атап айтқанда, былай деді: «Уағыз айтудағы талантыңыз бен өмірлік өнегеңіз арқылы адамдардың жүрегінде Мәсіхке деген құтқарушы сенімнің отын жағасыз, өзіңізге сеніп тапсырылған қауым үшін рухани әке әрі тәлімгер бола отырып, “тыныштықты жариялап, қуанышты хабарлап, құтқарылуды уағыздайсыз” (Ис. 52:7). Алматы епархиясының көптеген дін қызметкерлері сіздің жалынды дұғаларыңыз бен тынымсыз еңбегіңіздің арқасында Құдайға және адамдарға қызмет ету жолына түсті. Менің ұсынысым бойынша Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кирилл сізді жоғары марапат – қасиетті Сергий Радонежский орденіне лайық деп таныды. Осы ерекше мереке күні, қадірлі Геннадий әке, сізге зор денсаулық, тыныштық пен амандық тілеймін. Өмір сыйлаушы Иеміз Ең Қасиетті Құдай Анасының шапағатымен, Қазақстанның жаңа азап шегушілері мен сенім жолындағы мойындаушыларының ара түсуімен жаныңыз бен тәніңіздің күш-қуатын жаңартып, рухыңызға сергектік сыйлап, Қазақстанның қасиетті жерінде Қасиетті Шіркеудің игілігі жолындағы одан арғы пастырлық еңбектеріңізге Өзінің нығайтушы көмегін нәсіп етсін».

Митрополит Александр Геннадий әкеге зор денсаулық тілеп, Қасиетті Шіркеудің игілігі жолындағы алдағы еңбектеріне Құдайдың көмегі мен жарылқауын тілеп,  гүл шоғын табыс етті.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді