ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
27.08.2026, 20:50

Митрополит Александр ауқымды қалпына келтіру жұмыстардан кейін жаңартылған Алматыдағы София соборына шағын қасиеттеу рәсімінен жасады

Митрополит Александр ауқымды қалпына келтіру жұмыстардан кейін жаңартылған Алматыдағы София соборына шағын қасиеттеу рәсімінен жасады

27 тамыз 2026 жыл. Алматы. Аса Қасиетті Құдай Анасының Успение мерекесі қарсаңында Астана және Қазақстан митрополиті Александр Иверско-Серафимовский әйелдер монастырінің қалпына келтіру жұмыстары өткен София соборына шағын қасиеттеу рәсімін жасады.

Жаз мезгілінде Қазақстан Православие Шіркеуі Басшысының батасымен монастырьдің басты храмында қайырымды жандар мен приход мүшелерінің қаражатына ауқымды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

Қасиеттеу рәсімінде дұға еткендер: Қазақстан Митрополиттік округінің хатшысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері О.Н. Овчинников; Ивер-Серафим монастырінің басқарушысы игумения Любовь (Якушкина) монастырь әпке-сіңлілерімен бірге; София соборының кілтшісі протоиерей Александр Соколов; митрополиттің жеке хатшысы иеромонах Димитрий (Байдек); Митрополиттік округ Басшысының әкімшілік хатшылығының жетекшісі иерей Георгий Сидоров; «Eleos-Meirim» қоғамдық қорының президенті В.М. Капсамун; собордың дін қызметкерлері мен прихожандары; Алматы діни семинариясының студенттері.

Әндерді О. Усольцеваның жетекшілігімен Иверско-Серафимовский монастырінің хоры орындады.

Жарғылық дұғалар оқылғаннан кейін иерарх храмның ішкі бөлігін қасиетті сумен себеледі.

Митрополит Александр ана-игуменияны, дін қызметкерлері мен приход мүшелерін монастырьдің рухани өміріндегі маңызды оқиға – София соборындағы ауқымды қалпына келтіру жұмыстарының аяқталуымен құттықтады. Осыдан кейін жұмыстардың жүзеге асуына дұғасымен, қайырымдылық көмегімен немесе жеке қатысуымен үлес қосқан барша жанға ризашылығын білдірді.

Митрополит храмның киелі жәдігерлеріне тағзым етіп, барша жиналған қауымға архипастырлық батасын берді.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді