2026 жылғы 28 тамызда, Ең Қасиетті Құдай Анасының Успение мерекесінде, Тобыл қаласындағы Құдай Анасының Қазан иконасы құрметіне арналған храмда Құдайлық Литургия аяқталғаннан кейін 1937–1938 жылдары қуғын-сүргінге ұшырап, атылған дін қызметкерлері, монашестводағылар мен қарапайым сенушілердің Новоселовка ауылының маңында орналасқан жаппай жерленген орнына дәстүрлі Крест шеруі өтті.
Қостанай және Рудный епархиясын уақытша басқарушы Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен өткен крест шеруіне Қостанай епархиясы хатшысының м.а.иеромонах Геннадий (Бурдюжа), епархия дін қызметкерлері және көптеген сенушілер қатысты.
Мәсіхке деген сенімі үшін азап шеккендердің жерленген орнына келгеннен кейін иеромонах Геннадий (Бурдюжа) ХХ ғасырда саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар мен саяси тұтқындар үшін марқұмдарды еске алу литиясын жасады.
Затобольск кентіндегі Құдай Анасының Қазан иконасы құрметіне арналған храмның басқарушысы иерей Андрей Крутин 1937–1938 жылдардағы қуғын-сүргін тарихы туралы айтып, сенушілерге дұға ету ерлігі үшін алғысын білдірді және өз сенімі үшін жапа шеккендердің рухани ерлігін есте сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр