28 тамыз 2026 жыл. Астана. Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Қасиетті теңапостол Кирилл мен Мефодий атындағы рухани-мәдени орталықта «Жақыныңа қызмет ету» атты шіркеулік әлеуметтік және қайырымдылық қызмет жөніндегі І Жалпықазақстандық съезд өз жұмысын бастады.
Форум жұмысының алдында осы күні өз престолдық мерекесін атап өткен Успен кафедралды соборында салтанатты Құдайлық Литургия өтті. Құлшылықты Астана және Қазақстан митрополиті Александр басқарды.
Іс-шараны ұйымдастырушылар: «Eleos-Meirim» қоғамдық қоры (президенті – В.М. Капсамун) және Митрополиялық округтің қайырымдылық және әлеуметтік қызмет жөніндегі комиссиясы.
Конференция жұмысына Астана және Қазақстан митрополиті Александр төрағалық етті.
Президиумға қатысқандар: Қарағанды және Шахтинск архиепископы Севастиан; Өскемен және Семей архиепископы Амфилохий; Көкшетау және Ақмола архиепископы Варсонофий; Орал және Атырау епископы Вианор; Ватикан елшісі архиепископ Джордж Панамтхундил.
Съездің ашылуына қатысқандар: Астана шіркеулік округінің құрметті өкілі архимандрит Сергий (Карамышев); Алматы қаласындағы Құдай Анасының «Барлық қайғырғандарға қуаныш» иконасы құрметіне арналған храмның басқарушысы протоиерей Евгений Воробьев; Митрополиттік округ Басшысының жеке хатшысы иеромонах Димитрий (Байдек); Астана қаласындағы Константин-Еленинский соборының кілтшісі протоиерей Сергий Калиев; митрополит хатшылығының басшысы иеромонах Прохор (Ендовицкий); Митрополиттік округ Басшысы әкімшілік хатшылығының жетекшісі иерей Георгий Сидоров; Қазақстан православ дәрігерлері қоғамының төрағасы протоиерей Анатолий Измеров; Успен соборының кілтшісі протоиерей Евгений Корольков; Митрополиттік округтің қайырымдылық және әлеуметтік қызмет жөніндегі комиссиясының жетекшісі протоиерей Вячеслав Пугачев; «Сен әлемге керексің» жобасының жетекшісі иерей Богдан Бойко; Астана қаласындағы Құдай Анасының «Қаза тапқандарды іздестіру» иконасы құрметіне арналған монастырьдың басқарушысы игумения Севастиана (Плотникова) обительдің монах әйелдерімен бірге; Қасиетті патша құштар азап шегушілерінің құрметіне аталған Мейірімділік әпкелері қауымының аға әпкесі А.А. Белимова; еріктілер қызметінің үйлестірушісі Р.М. Абаханова; «Сен әлемге керексің» жобасының қатысушысы Г. Галкина; Қазақстан Митрополиялық округі епархияларының әлеуметтік бөлімдерінің басшылары мен қызметкерлері, Алматы және Көкшетау епархияларының мейірімділік әпкелері, Астана қаласындағы храмдардың дін қызметкерлері мен жамағаты.
Форумды аша отырып, митрополит Александр жиналған қауымға құттықтау сөзін арнады.
«Шіркеулік әлеуметтік қызмет жөніндегі І Жалпықазақстандық съездің ұйымдастырушылары мен қатысушыларын шын жүректен қарсы аламын. Бүгін Қазақстан Митрополиттік округінің рухани-мәдени және әкімшілік орталығының қабырғасында өзге адамдардың мұқтаждығын, сырқатын және қайғы-қасіретін жүрегіне жақын қабылдап, жақындарының азабы мен жан ауырсынуын жеңілдету үшін бар күш-жігерін салатын жандар бас қосып отыр. Ізгі істер жасау Православие Шіркеуі мен әрбір христиан өмірінің мәнімен тығыз байланысты. Өйткені Киелі Жазбада айтылғандай, іссіз сенім өлі (Иак. 2:26). Мәсіх өсиет еткен қайырымдылық – әрекеттегі сенім, ол жақынының игілігін көздейтін нақты істер арқылы көрінетін сүйіспеншілік. Жақынға қызмет етуді әлеуметтік қызмет деп атауымыз да кездейсоқ емес, өйткені салауатты қоғамның қалыптасуына мейірімділік секілді ешнәрсе соншалықты ықпал етпейді. Оның үстіне адамдардың бір-біріне өзара қолдауынсыз қоғамның өзі де өмір сүре алмайды – ол ыдырап, жойылып кетеді. Сондықтан Шіркеудің әлеуметтік қызметі деп аталатын қызмет өзекті, өмірлік маңызы бар міндеттерді шешуге бағытталған. Ізгі істерді жүзеге асыру арқылы сол істерді атқарушы адамның тұлғасы қалыптасады.
Әрбір православ қауымында құлшылық пен уағыз айтудан бөлек, әлеуметтік және қайырымдылық қызметтің ұйымдастырылған түрлері болуы қажет. Баршаңызға жемісті жұмыс пен пайдалы қарым-қатынас тілеймін. Құдайдың жарылқауы баршаңызбен бірге болсын», – деді, атап айтқанда, Митрополиялық округтің Басшысы өз сөзінде.
Мәртебелі Митрополиттің сөзінен кейін «Сен әлемге керексің» жобасының жетекшісі иерей Богдан Бойко Қайырымдылық жөніндегі Синодтық бөлімнің төрағасы протоиерей Михаил Потокиннің әлеуметтік қызмет жөніндегі І Жалпықазақстандық съездің қатысушыларына арналған құттықтауын оқып берді.
Пленарлық отырыс аяқталған соң қатысушылар естелік суретке түсті.
Съезд жұмысы 29 тамызда жалғасады.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр