1 қыркүйек 2026 жыл. Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александр Алматы қаласындағы Вознесенский кафедралды соборының дін қызметкері протодиакон Николай Гринкевичті қасиетті дәрежеде қызмет етіп келе жатқанына 35 жыл толуымен құттықтады:
Қымбатты Николай әке!
Сізді өміріңіздегі айтулы күн – диакондық тағайындалуыңыздың 35 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын!
Отыз жылдан астам уақыт бойы Сіз салтанатты құлшылықтарға зор ықыласпен қатысып, Құдайдың өзіңізге берген қуатты да көркем үніңізбен олардың ажарын аша түсіп келесіз. Өз күшіңіз бен қабілетіңізді Мәсіхтің Шіркеуіне арнай отырып, өзіңізге жүктелген рухани қызметке адал болудың лайықты үлгісін көрсетіп келесіз.
Сізді айрықша дарын иесі әрі жан дүниесі көркем, ізгі адам ретінде жақсы біледі. Құлшылыққа деген терең құрметіңіз, қарапайымдылығыңыз бен ақжарқын мінезіңіз арқылы дін қызметкерлері арасында лайықты беделге ие болып, көптеген миряндардың шынайы сүйіспеншілігі мен зор құрметіне бөлендіңіз.
Осы айтулы рухани мерекеңізде Сізге дұға ете отырып, бейбіт өмір, мықты денсаулық, бақ-береке тілеймін. Алдағы уақытта да өзіңізге тапсырылған қасиетті қызметті осындай құлшыныспен атқара беруіңізге тілектеспін.
Ыждағатпен атқарған қызметіңізді ескере отырып және диакондық тағайындалуыңыздың 35 жылдығына орай, Сізді «Еңбек үшін» орденімен марапаттауды орынды деп санаймын.
Өмір сыйлаушы Жаратқан Ие Ең Қасиетті Құдай Анасының шапағатымен рухани әрі тәндік күш-қуатыңызды жаңартып, өмір жолыңызда Өзінің нығайтушы жәрдемін берсін. Үстіңізге жүктелген міндеттерді абыроймен әрі жемісті атқаруыңызға қажетті Рухтың игілікті дарындарымен Сізді молынан жарылқасын.
Құдайдың батасын тілей отырып,
ҚАЗАҚСТАН ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІНІҢ БАСШЫСЫ
АСТАНА ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН МИТРОПОЛИТІ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр