ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
01.09.2026, 18:00

Протоиерей Борис Присяжнюктің қайтыс болғанына 15 жыл толуына орай Митрополиттік округінің Басшысы мәңгі есте сақталатын пастырьға бағыштап дұға жасады

Протоиерей Борис Присяжнюктің қайтыс болғанына 15 жыл толуына орай Митрополиттік округінің Басшысы мәңгі есте сақталатын пастырьға бағыштап дұға жасады

2026 жылғы 1 қыркүйекте протоиерей Борис Присяжнюктің дүниеден озғанына он бес жыл толды. Ол Мәскеудегі Миус зиратында орналасқан қасиетті азап шегушілер Вера, Надежда, Любовь және олардың анасы София шіркеуін қайта жаңғыртқан еді.

Мәскеу қаласындағы Патриархтық аулада орналасқан София шіркеуінде – Қазақстан Республикасындағы Орыс Православие Шіркеуінің Митрополиттік округі Өкілдігінде – Құдайлық Литургия аяқталғаннан кейін, марқұм протоиерей Борис жерленген қабір басында, алтарь апсидасының жанында Астана және Қазақстан митрополиті Александр марқұм әке-басшыға дұға бағыштауды басқарды.

Митрополит Александрға қызмет еткендер: Алматы рухани семинариясының проректоры, теология ғылымдарының кандидаты, медицина ғылымдарының докторы, профессор, игумен Агафангел (Гагуа); қасиетті азап шегушілер Вера, Надежда, Любовь және олардың анасы София шіркеуінің кілтаршысы иеромонах Антоний (Дробязко); иеромонах Даниил (Макагон); иеромонах Викторин (Асеев); диакон Анатолий Леденев және диакон Роман Фролов.

Құлшылық кезінде дұға еткендер: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Патриархтың орыс шіркеулік ән айтуын дамыту жөніндегі кеңесінің мүшесі О.Н. Овчинников; Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасы орынбасарының хатшылығы басшысының орынбасары Н.В. Паршикова; марқұм протоиерей Борис Присяжнюктің жары ақ жаулықты Зинаида , оның туған-туыстары мен рухани шәкірттері, Өкілдік қызметкерлері және шіркеу жамағаты.

Дұға басталар алдында митрополит Александр жиналған қауымға архипастырлық сөзін сөйлеп, онда марқұм пастырьдің атқарған еңбегін ризашылықпен еске алып, оның өмір жолына тоқталды.

Лития соңында дін қызметкерлері мен жамағат марқұм пастырьге мәңгілік естелік дұғасыр оқыды.

Дұға бағыштау аяқталғаннан кейін митрополит Александр марқұм пастырьдің жары ақ жаулықты Зинаидамен жүздесіп, әңгімелесті.

Бұдан кейін шіркеу ауласында протоиерей Борис Присяжнюктің дүниеден озғанына он бес жыл толуына арналған фотокөрме ашылды.

Көрмені Мәскеу қаласындағы Патриархтық аулада орналасқан қасиетті азап шегушілер Вера, Надежда, Любовь және олардың анасы София атындағы шіркеу қауымының белсенділері ұйымдастырды. (Көрменің кураторы диакон Роман Фролов).

Көрменің ашылу рәсіміне Астана және Қазақстан митрополиті Александр қатысты.

Экспозицияны әзірлеу барысында марқұм пастырьдің жеке қорында сақталған материалдар мен Қазақстан Митрополиттік округі Өкілдігі шіркеуінің мұрағатындағы құжаттар пайдаланылды.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді