ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
04.09.2026, 13:20

Алматыда Алматы және Қазақстан митрополиті, дін жолындағы конфессор Иосифтің (Чернов) рухына дұға бағышталды

Алматыда Алматы және Қазақстан митрополиті, дін жолындағы конфессор Иосифтің (Чернов) рухына дұға бағышталды

4 қыркүйек 2026 жыл. 2026 жылғы 4 қыркүйекте мәңгілік есте қалатын Алматы және Қазақстан митрополиті Иосифтің (Чернов, †1975) — ХХ ғасырдағы сенім жолындағы конфессор әрі тақуалық жолындағы аскеттің Жаратқан Иеге құзырына аттанғанына 51 жыл толды.

Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен миллиондаған діндарлар қастер тұтатын, мәңгілік есте қалатын иерархтың қабірі орналасқан Иверско-Серафимовский әйелдер монастырының София соборында Құдайлық Литургия өтті. Литургияны Астана епархиясының викарийі, Талғар епископы Вениамин басқарды.

Жоғары мәртебелігп қызмет еткендер:  Алматы шіркеулік қалалық округі приходтарының құрметті өкілі, Алматының Никольский соборының басқарушысы протоиерей Валерий Захаров; Алматы епархиясының рухани жетекшісі архимандрит Иоанн (Сазонов); Алматы қаласы мен оған жақын өкілдік храмдарының басқарушылары мен дін қызметкерлері.

София соборының хоры ән шырқады (регенті — О. Усольцева).

Құлшылықта дұүа еткендер: Иверско-Серафимовский әйелдер монастырының басқарушысы игумения Любовь (Якушкина) мен монастырь тұрғындары; Алматы рухани семинариясының оқытушылары мен студенттері; Оңтүстік астананың приходтық жексенбілік мектептерінің педагогтері мен тәрбиеленушілері; Алматы епархиялық басқармасының қызметкерлері; сондай-ақ Оңтүстік астана ғибадатханаларының көптеген прихожандары.

Құлшылық Ең Қасиетті Қүдай Анасының Успение мерекесіне арналған мадақтау және митрополит Иосифтің (Чернов) қабірі басында лития жасаумен аяқталды. Осыдан кейін епископ Вениамин игумения анаға, дін қызметкерлері мен прихожандарға православиелік қазақстандықтар және митрополит Иосифтің рухани мұрасын қастерлейтін барша адамдар үшін ерекше мәні бар күнмен құттықтап, діндарларға уағызын айтты.

Сталиндік лагерьлерден, неміс тұтқынынан және ауыр жер аудару жағдайларынан өткен, кейін Петропавл мен Алматыда жиырма жыл бойы көп еңбекті архиерейлік қызмет атқарған әмірші-конфессордың есімі бүкіл Қазақстанда және одан тыс жерлерде көптеген діндарлар тарапынан зор құрметпен еске алынады.

Күні бойы митрополит Иосифтің (Чернов) жерленген жеріне жүздеген адам келіп, қарт архиерейдің рухын дұға арқылы еске алып, оның қабірі басында шырақ жағып, гүл шоқтарын қойды.

Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен София соборының алдында сенім жолындағы конфессор әрі тақуа митрополит Иосифке (Чернов) арналған фотокөрме ашылды. Экспозицияны Алматы православиелік рухани семинариясы ұйымдастырды.

Фотокөрме үш тақырыптық бөлімнен тұрады: митрополит Иосифтің жастық шағынан бастап Қазақстанға жер аударылғанға дейінгі өмірі; Алматы кафедрасындағы қызметі; православиелік халықтың иерархтың рухын қастерлеуі.

Сол күні барша ниет білдірушілер митрополит Иосифтің (Чернов) үй-музейіне де бара алды. Семинария студенттері келушілерге экскурсия жүргізді.

Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың митрополит Иосиф (Чернов) рухына арналған сөзінен:

«Митрополит Иосиф өз өмірінде бірнеше рет тұтқындалып, гестапо қызметкерлерінің қорлығына төтеп берді, жиырма жылдан астам уақытын лагерьлер мен түрмелерде өткізді. Ол елші Павелдің сөздерін қайталай алар еді: “Мен Иеміз Исаның жараларын тәнімде алып жүрмін” (Гал. 6:17). Дененің әлсіздігі, қолдары мен аяқтарындағы ауырсыну оның өмірінің соңына дейін бастан өткерген азаптарының өшпес белгісі болып қалды.

Архипастыр кешіре білетін, шынайы ізгі ниетін сақтаған адам еді. Замандастарының айтуынша, ол өзіне келген әрбір адамға Құдайдың тірі бейнесіндей қарап, сол арқылы оны рухани биіктікке көтеретін.

Епископ Арсений болашақ иерархты мантияға кіргізіп жатқанда оған: “Әділ Иосиы бүкіл Исраил халқын қалай асыраса, сен де барлығын асырауың керек”, — деген. Рухани әкесінің осы өсиетін әмірші Иосиф бүкіл өмірі бойы орындап, өз отарын Ізгі хабардың мәңгілік сөздерімен рухани азықтандырып, мұқтаж жандарға жомарттықпен қайырымдылық жасады. Архипастырдың адамдарға деген осындай ерекше қарым-қатынасының арқасында оған дін қызметкерлері де, билік өкілдері де, православиелік діндарлар да, басқа дін өкілдері де, қарапайым адамдар да, академиктер де тартылды.

Оның көрегендігі мен дұғасының зор күші туралы көптеген естеліктер сақталған. Митрополит Иосиф үшін пастырлық еңбегінде маңызды және екінші дәрежелі істердің айырмашылығы болған жоқ, өйткені ол өз қызметінің барлық қырынан аса биік мағынаны, Құдайдың құтқару жоспарының құпияларымен байланысты терең мәнді көрді.

Жастайынан Ең Қасиетті Қүдай Анасын қастерлеген әмірші Иосиф Құдай Анасының Успение мерекесі аталып жатқан күндері мәңгілік өмірге өтуге лайық болды. Ол Оның Құдайлық Ұлының адал қызметшісі еді. Митрополит Иосиф сөзбен де, іспен де діндарларға құтқарылу жолын үйретті. Ол өзінің уағыздарының бірінде адамның бұл дүниедегі мақсатын былай деп түсіндірді: “Мәсіх үздіксіз сүйіспеншілік пен мейірімділік нұрын шашты, біз де айналамызға үнемі мейірім, жақсылық және жанашырлық себуіміз керек. Мәсіх өлілерді тірілтті, біз де жақындарымыздың ұйқыдағы жандарын ояту, тірілту үшін бар күшімізді салуымыз керек”.

Қазақстан митрополиті, иерарх, конфессор әрі әділ митрополит Иосиф ризашылықпен мәңгі есімізде!»

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді