ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
04.09.2026, 15:00

Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың Санкт-Петербург митрополиясының қасиетті орындарына қажылық ету сапары басталды

Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың Санкт-Петербург митрополиясының қасиетті орындарына қажылық ету сапары басталды

3 қыркүйек 2026 жыл. Қазақстан Православие Шшіркеуінің Басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың Санкт-Петербург митрополиясының қасиетті орындарына қажылық сапары басталды.

Санкт-Петербург және Ладога митрополиті Варсонофийдің шақыруымен ұйымдастырылған қажылық сапарында Митрополиялық округтің Басшысын алып жүргендер: Митрополиттік округтің хатшысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері, Патриархтың орыс шіркеу ән өнерін дамыту жөніндегі кеңесінің мүшесі О. Н. Овчинников және жеке хатшысы П. В. Соколов.

Ресейдің Солтүстік астанасына келген митрополит Александр Большеохтин зиратына барып, өзінің рухани тәлімгері — Тихвин архиепископы, әулие-епископ Мелитонның (Соловьев) жерленген жерінде панихида жасады. Сондай-ақ Киров және Слободск епископы Иоаннның (Иванов) қабірінде және Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кириллдің ата-анасы — протоиерей Михаил мен Раиса Гундяевтердің қабірлерінде жаназа литиялары өткізілді.

Құдайсыздық қуғын-сүргіні жылдарында да жабылмаған Никольск Большеохтинск храмындп архипастыр ерекше қастерленетін қасиетті иконалар — Құдай Анасының «Скоропослушница» («Тез тыңдаушы») иконасына, әулие Николай Ғажайып жасаушының және ұлы азап шегуші Параскеваның иконаларына тағзым етті.

Храмның басты қасиетті орындары — Нева бойындағы қалада жабылып, қиратылған соборлар мен шіркеулерден жиналған көне иконалар.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді