ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
04.09.2026, 16:00

Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы Александро-Невский лаврасында дұға етті

Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы Александро-Невский лаврасында дұға етті

4 қыркүйек 2026 жыл. Санкт-Петербург, Ресей. Астана және Қазақстан митрополиті Александр Солтүстік астананың 1710 жылы император І Петр негізін қалаған алғашқы әрі ең ірі монастыры — Қасиетті Үштік Александр Невский лаврасында болды.

Үштік соборында жатқан қасиетті ізгі сенімді ұлы кнәз Александр Невскийдің қасиетті жәдігерлері алдында митрополит Александр дұға жасады. Құлшылық барысында Қазақстан Православие шіркеуінің архипастырлары, дін қызметкерлері, монашестволық қауым мүшелері және діндарлар еске алынды. Митрополит Қазақстан елінің бейбітшілігі мен берекесі, Президенті, мемлекеттік билік органдары, әскері және халқы үшін дұға етті.

Әрі қарай Митрополиттік округтің Басшысы ХХ ғасырдағы Орыс Православие шіркеуінің көрнекті иерархы, Ленинград және Новгород митрополиті Никодим (Ротов) үшін панихида жасады. 5 қыркүйекте мәңгілік жадыдағы архипастырдың Жаратқан Иенің құзырына аттанғанына 48 жыл толады.

Марқұмды еске алу құлшылығына Санкт-Петербург митрополиясының дін қызметкерлері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері О. Н. Овчинников, митрополит Александрдың жеке хатшысы П. В. Соколов, сондай-ақ зиярат етушілер мен приход тұрғындары қатысты.

Лавраның Үштік соборында митрополит Александр Санкт-Петербургтің басты қасиетті орындарының бірі — Нң Қастетті Құдай Анасының «Невская Скоропослушница» атты керемет иконасына тағзым етті.

Құдай Анасының «Невская Скоропослушница» керемет иконасы — Афондағы «Скоропослушница» керемет иконасынан дәлме-дәл түсірілген, ерекше қастерленетін көшірме. Құдай Анасының түпнұсқа афондық «Скоропослушница» бейнесі грек Дохиар монастырында орналасқан. Санкт-Петербургтегі икона иконографиясы жағынан түпнұсқадан ерекшеленеді: онда Құдай Анасы қолын дұға етіп жайған күйде, бірақ Құдай ұлынсыз бейнеленген.

«Невская Скоропослушница» Қасиетті таудағы орыс Пантелеимон монастырында жазылған. Бұл қасиетті бейне Афоннан әкелінген басқа да қасиетті жәдігерлермен бірге 1877 жылы екі орыс иеромонахтары — Афанасий мен Варсонофий арқылы Ресейге жеткізілген. Ұлы Отан соғысы, Ленинград блокадасы және жалпы халық басына түскен ауыр кезеңдерде қала тұрғындарының көпшілігі осы қасиетті орыннан жұбаныш тапты.

«Скоропослушница», яғни «дұғаға тез құлақ асушы» деген атаудың өзі ұзақ уақыт дұға етуге шамасы қалмаған, көмекке мұқтаж адамға үлкен жұбаныш болған.

2019 жылғы 18 қазанда Астана және Қазақстан митрополиті Александр Қасиетті Үштік Александр Невский лаврасында Қазақстан Православие Шіркеуі үшін арнайы жасалған, керемет иконадан «өлшеміне өлшем» қағидасымен түсірілген көшірмені қасиетті етті. Қазіргі уақытта бұл қасиетті бейне Алматы қаласындағы Вознесенский кафедралды соборында орналасқан.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді