ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
07.09.2026, 12:00

Астана епархиясының викарийлерінің Елуінші күн мейрамынан кейінгі 14-ші апталығындағы қызметі

Астана епархиясының викарийлерінің Елуінші күн мейрамынан кейінгі 14-ші апталығындағы қызметі

2026 жылғы 6 қыркүйекте, Елуінші күн мейрамынан кейінгі 14-ші апталығында, Киев, Мәскеу және бүкіл Русь митрополиті, ғажайып жасаушы әулие Петрдің қасиетті жәдігерлерін көшіру мерекесі атап өтілді. Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Астана епархиясының викарийлері Алматы қаласындағы шіркеулерде жексенбілік құлшылықтарын атқарды.

Астана епархиясының викарийі, Талдықорған епископы Клавдиан Алматы қаласындағы Вознесенск кафедралдық соборында Құдайға құлшылық ету рәсімін атқарды.

Жоғары Мәртебеліге қызмет еткендер: қасиеттілерді заңдастыру жөніндегі епархиялық бөлімнің басшысы архимандрит Иосиф (Еременко), собордың кілтшісі, Митрополиттіп округтің қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімінің басшысы протоиерей Александр Суворов, Патриархтық дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі комиссияның мүшесі игумен Филипп (Моисеев), протодиакон Николай Гринкевич, митрополиттің хаттама қызметінің басшысы протодиакон Роман Головин, протодиакон Владимир Сыровацкий, диакон Александр Пивень, Қостанай епархиясының дін қызметкері иеродиакон Серафим (Кандеров), диакон Рустик Якупов, диакон Георгий Ткаченко, диакон Даниил Пасюк және диакон Александр Гончаров.

Құлшылық кезіндегі діни әндерді В. Дударева жетекшілік ететін Қазақстан Митрополиттік округінің хоры және Е. Богуславец жетекшілік ететін Вознесенскиц соборының хоры орындады.

Херувим әнінен кейін епископ Клавдиан Қостанай епархиясының Рудный қаласындағы Богоявление шіркеуінің клиригі иеродиакон Серафимді (Кандеров) діни қызметкер дәрежесіне тағайындау рәсімін жасады.

Құлшылық аяқталған соң архипастырь дін қызметкерлері мен приход өкілдеріне бірлескен дұға үшін алғысын білдіріп, жиналған қауымға тәлімдік сөзін айтты.

Астана епархиясының викарийі, Талғар епископы Вениамин Алматы қаласының Қарасу шағынауданындағы Иеміздің Крестовоздвиженский құрметіне арналған шіркеуде Құдайға құлшылық ету рәсімін атқарды.

Иерархқа қызмет еткендер: Крестовоздвиженский шіркеуінің кілтшісі иерей Роман Бурдуков пен диакон Павел Корниенко.

Құлшылық кезінде Н. Бурдукова жетекшілік ететін Крест ұлықтау шіркеуінің хоры ән шырқады.

Құлшылыққа Қарасу шағынауданының православ тұрғындары мен жақын маңдағы елді мекендерден келген діндарлар қатысты.

Литургия соңында епископ Вениамин жамағатты «кіші Пасха» — жексенбі күнімен құттықтап, тәлімдік уағызын айтты.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді